Сенбі, 23 Қараша 2024
3372 1 пікір 18 Маусым, 2018 сағат 10:30

Түркіменстанда нанды төлқұжатын көрсеткендерге ғана сатып жатыр

Түркіменстан астанасының мемлекеттік дүкендерінде азық-түлік алу үшін ұзын-сонар кезек болса, аймақтарда нанды тек төлқұжатын көрсеткендерге ғана сатып жатыр деп хабарлайды Азатлык тілшісі (Азаттық радиосының түркімен қызметі).

Тілшінің хабарлауынша, Ашхабадта қант, ұн және өсімдік майы тапшы. «Түркіменстанның балама жаңалықтары» басылымының хабарлауынша, астананың мемлекеттік дүкендерінде әрбір адамға тек бір келі қант пен 10 жұмыртқадан сатып жатыр. «Балаларды дүкенге жібермейді. Сатушылар егер балаларға да сататын болса, онда әрбір ата-ана балабақшадан балаларын алып, дүкенге кезекке тұрғызып қояды дейді», – деп жазады басылым.

Азатлык тілшісінің хабарлауынша, Түркіменстанның көптеген аймағында ұн тапшы. Дашогуз облысының тұрғындары ұн сатып алу үшін, дүкенде айлап кезекке тұрады екен.

«Дашогузда ұн жоқ. Қазір тұрғындар адам басына үш келі ұн сатып алу үшін, бір ай бұрын кезекке жазылады. Бірақ аймаққа қазір мүлдем ұн әкеліп жатқан жоқ. Тұрғындар өте ауыр жағдайда. Базарда астық жоқ. Жүгері 13 манатқа (ресми бағам бойынша 4 доллар) қымбаттап кеткен. Адамдар әкімшілікке шағымданады. Бірақ олар құрғақ уәдеден басқа ештеңе істеп жатқан жоқ», – дейді Дашогуз облысындағы Азатлык тілшісі.

Түркіменстанда басты экспорттық тауар – газ бағасы түсіп кеткеннен кейін экономикалық дағдарысқа тап болып, халықтың тұрмысы нашарлады. Жұмыссыздық көбейген. Ал шетелге жұмыс іздеуге кетпек болғандарды Ашхабад әуежайынан ұстап, кері қайтарып жатыр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394