Сенбі, 23 Қараша 2024
3509 4 пікір 18 Маусым, 2018 сағат 10:31

Сауд шейхы Өзбекстанға қонақ үй мен зауыттарға 2 млрд доллар инвестиция салмақ

Сауд Арабия шейхы Ажлан Мұхаммед Абдулазиз Өзбекстанға 2 млрд доллар инвестиция салмақшы деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Шейхтың жоспары бойынша – Бұхара, Әндіжан және Самарқан облыстарынан мақта және жібек өндіретін зауыттар құрылысын салу.

«Мен жібек, мақта және тоқыма өндірісіне, жалпы алғанда 2 млрд доллар инвестиция салуды ойлап отырмын. Біз өзбек әріптестеріммен жұмысты бастап кеттік. Біздің ортақ жоспар жақсы пайда түсіреді деп үміттенемін», – деді Ajlan & Brothers Group компаниясының төрағасы болып саналатын шейх.

Ол сонымен бірге туристік бизнеске де қызығып отырғанын, Бұхара, Әндіжан және Ташкент шахарларынан бес жұлдызды қонақ үй салуға да ниетті екенін айтады.

Ajlan & Brothers Group компаниясы мата мен дайын киімдер өндірумен айналысады. Компанияның Сауд Арабия Таяу Шығыс, БАӘ, Бахрейн, Катар, Кувейт, Йемен, Сирия, Иордания, Ливия және Египетте 45 филиалы мен 200 -ден астам сауда орны бар.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394