"8 шілдеден бастап алкоголь өнімдерін сататын "Мир-1" шағын ауданындағы базар жабылды. Мұнан бөлек коммерциалық дүкендер де жабылған. Бірақ кешкі 20.00-ден кейін кейбір дүкендер қайта ашылды", - дейді Азатлык тілшісі.
Келесі күні жергілікті тұрғындар хабарлап, қара базарда доллар бағамы күрт өсіп, бір доллардың 12 манат болғанын айтты. Ал Түркіменстанның Орталық банкінде 2005 жылы бекіткен бағам бір доллар - 3.5 манат күйінде тұр.
"Доллардың өсуін көбі алкоголь өнімініне тыйым салумен байланыстырып отыр. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келмейді. Алкоголь сатушылардың валюта нарығына қатысы жоқ", - дейді Ашхабад тұрғынының бірі.
Abai.kz