Зерттеу: қазақстандықтар дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдайды
Қазақстандықтардың 90 пайызы дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін саласында жүргізіп жатқан мемлекеттік саясатын қолдайды.
"Бүгінде адамдардың дені дәстүрлі дінді радикалды идеологиядан айыра біледі. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, қазақстандықтардың 90 пайызы дін саласындағы мемлекеттік саясатты қолдап отыр, деструктивті діни ағымдарға қарсы", — деді министр.
Ермекбаев бір жыл ішінде атқарылған жұмыс дін саласындағы жағдайды жақсартуға, сарапшылармен және дін басылармен өзекті мәселелер бойынша диалог орнатуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
"Биыл бұл потенциалды бірлесіп дамыту өте маңызды. Ең әуелі біз ұсынған заң жобасының жұмысын аяқтау қажет. Ол министрлікке емес, қазақстандықтардың қауіпсіз жарқын болашағы үшін қажет. Алқаға қатысып отырған депутаттар да бұл позицияны қолдайды деген үміттеміз", — деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар министр ақпарат топтарының жұмысын жаңа деңгейге көтеруге керек екенін айтты. Ол үшін ақпараттық-насихат жұмысын дамытудың жол картасын әзірлеу қажет.
"Ақпарат топтары адамдармен тығыз қарым-қатынаста, түрлі аудиориямен жұмыс істейді. Ал жұмыс кей кезде қатып қалған шаблон бойынша, ескі әдіспен жүргізіледі. Барлық аудиторияға бір дәріс оқылып, ресми кездесулер өткізіледі де, жұмыс жүргізіліп отырған өңірдің ерекшелігіне ескерілмейді. Сондықтан дәріс оқитындар лекторлардың ақпараттық және коммуникативті технологиялары болуы керек, аудиторияға қарапайым түсінікті тілмен ұғындыруы тиіс. Ол үшін біз ақпараттық-насихат жұмысын дамытудың жол картасын әзірлеуіміз керек",- деді ол.
Картаның негізгі тармақтарының бірі лекторларды дайындау мен қайта даярлау орталығын құру болмақ. Орталық лекторлар құрамын даярлап қана қоймай, олардың жұмысын бақылайды, аттестация жүргізіп, рейтинг жасайды.
"Лекторлар рейтингке сәйкес еңбегіне қарай ақы алуы керек. Орталық жергілікті спефиканы есепке алып, профилактикалық жұмыстың алгоритмін әзірлеуі тиіс", — деді министр.
Атырау облыстық АТТ мүшелеріне арналған дінтанулық біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту-семинары өтті. «Дін саласындағы мақсатты аудиториямен жұмыс жүргізудің өзекті мәселелері» тақырыбы берілген бұл оқыту-семинар теологтардың озық іс-тәжірибелерін тыңдауға бағытталды.
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек қоғамдық қоры ұйымдастырған шараға «Шапағат» орталығының директоры, теолог Қ.Жұмағұл, директор орынбасары, теолог А.Аташев, теолог Мейіржан Рахматулла, Ақпараттық-талдау орталығының басшы м.а, теолог С.Төлегенов, Ақпараттық-талдау орталығының теолог М.Досаналиев және өзге де мекеме қызметкерлері, АТТ мүшелері қатысты.
Шараны Атырау Облысы Дін істері басқармасының бөлім басшысы Қ.Мусаев ашып, АТТ мүшелерімен дін саласындағы күрделі бағыттарда жүргізілетін жұмыстардың және мақсатты аудиториямен жұмыс жүргізу барысында туындайтын проблемаларды айқындап, қолданылатын профилактикалық тәсілдерді нақтылау мақсатында жиналып отырғандығын айтып, мамандарға сөз кезегін жолдады
«Шапағат» орталығының директоры, теолог Қ.Жұмағұл «Халықтың діни-танымдық сауаттылығын арттыру мәселелері», «Шапағат» орталығының теологы Мейіржан Рахматулла, «Мұсылманшылық көзқарас бойынша жан күйзелісі проблемаларын шешу жолдары», «Шапағат» орталығының директор орынбасары, теолог А.Аташев «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіруде БАҚ пен интернет пайдалану тәсілдері» тақырыптарында баяндама жасады.
Ақпараттық-талдау орталығының теолог М.Досаналиев мектепте өтетін жиын-кездесулерде оқушылардың өзін еркін сезініп, ойда жүрген сұрақтарын шектемей, батыл ой білдіру үшін мектеп әкімшілігінің қатыстырмау жөнінде ұсыныс айтса, Ақпараттық-талдау орталығының басшы м.а, теолог С.Төлегенов осы ойды жалғай келе сол оқушылардың ата-аналарымен көбірек жұмыс жасау және ата-аналарға арналған бүктеме, баннерлер шығару жөнінде ой тастады. Аталған шығармашылық жұмыстарда балаға уақыт бөлу, рухани құндылықтарды сіңіру, ата-ана қамқорлығын сезіндіру секілді тәрбиеге жетелейтін ұрандар жазылу тиіс деп жоспарланды.
Abai.kz