Сенбі, 23 Қараша 2024
3533 3 пікір 13 Шілде, 2018 сағат 04:13

Дональд Трамп Владимир Путинді дұшпаным емес, бәсекелесім деп атады

АҚШ президенті алда жоспарланған Ресей президентімен кездесуге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап беріп, "Ол менің досым емес, мен оны жақсы білмеймін әрі ол менің дұшпаным да емес. Ол жәй Ресейдің президенті", – деп мәлімдеді.

Америка лидері Дональд Трамп еуропалық сапарының ішінде Ресей лидері Владимир Путинмен кездесу әлдеқайда жеңіл болатын секілді деп, әрі ол досына айналуы мүмкін деген үмітін жеткізді. Трамп НАТО бойынша одақтас елдер басшылары өзінің Путинмен кездесуіне разы деп атап өтті.

Қырымға қатысты сұраққа Трамп кезекті рет түбекті аннексиялау оқиғасы Барам Обаманың кезінде орын алғанын қайталады. "Мен мұндай оқиғаға жол берер ме едім? Жоқ, жол бермеуші едім. Енді Қырымның жағдайы қалай болатынын мен айта алмаймын. Бірақ Қырымдағы жағдайға көңілім толмайды", – деді Трамп.

Ресей және АҚШ президенттерінің кездесуі 16 шілдеде Хельсинкиде өтеді. Владимир Путин мен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастық пен Сириядағы және Украина шығысындағы жағдайды талқылайды деп күтіледі.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434