Жұма, 20 Қыркүйек 2024
2826 1 пікір 16 Шілде, 2018 сағат 12:14

Қазақстан Президенті «Біржан-Сара» операсына барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бурабай» курортының аумағында композитор М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымына барды.

Басты партияларды халықаралық байқаулардың лауреаты М.Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М.Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж.Шыбықбаев, Д.Хамзина және С.Ахметова орындады. Операның қоюшы-дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Мұхитдинов, қоюшы-режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Маемиров.

Abai.kz

1 пікір