Сенбі, 23 Қараша 2024
3928 0 пікір 10 Маусым, 2018 сағат 13:34

Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай өскен

Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында демографиялық мәселеге айрықша көңіл аударған. Демографиялық жағдай Қазақстан үшін әрқашан да маңызды мәселелердің бірі болып қала береді.

Сонымен, елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай өскен. Статистика солай сөйлейді. Соңғы он жылда 21%-ға артыпты.

Былтыр дүние есігін 400 мың сәби ашқан. Әрбір 100 қызға, 107 ұлдан келеді. Оның ішінде 226 мың бала қалалық жерде туылса, ауылда 163 мыңы туылыпты.

Сондай-ақ Қазақстан бойынша ең жоғарғы туу деңгейі Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Ондағы перзентханаларда жылына мың адамға шаққанда 29 сәби туылады. Солтүстік Қазақстан облысы болса көштен қалып, мың адамға небәрі 13-ақ нәресте бар.

Сондай-ақ мамандар көбінесе орталыққа босануға келген әйелдердің жасы орташа есеппен 28-ді құрайды дейді.

Сарапшылардың мәліметінше, елімізде бала туу көрсеткіші 2013-15 жылдар аралығында бір қалыпты болған. Ал, осы жылы кішкентай қазақстандықтардың саны едәуір арта бастапты.

Және бір дерекке көз жүгіртсек, Қазақстанда 113 секунд сайын бір адам дүниеге келіп, 200 секунд сайын бір адам қайтыс болады екен. Мұндай статистиканы "countrymeters.info" сайтынан көруге болады, бұл жерде әлемнің кез келген еліндегі халық саны мен өзге де демографиялық және әлеуметтік процестердің өзгеру динамикасы көрсетілген.

Ал 2017 жылы Қазақстан Республикасында Азаматтық хал актілерін тіркеу органдары өмірге сәби алып келген 390 262 адамды тіркеді, соның ішінде қалалық жерлерде – 226 847 адам, ауылдық жерлерде – 163 415 адам. Туғандардың 51,7%-ы (201 756) – ер бала, ал 48,3%-ы (188 506) – қыз бала. Астана қаласы елімізде бала туу көрсеткіші бойынша екінші орында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434