Сенбі, 23 Қараша 2024
Қазақтың тілі 5801 7 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 11:25

Кейбір ғалымдар латын әліпбиіне не үшін көшетінімізді білмейтін сияқты

Латынға көшу керек деген әңгіме тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта оқта-текте айтылып жүргенімен, нақты қашан ауысатынымыз белгісіз еді. Соңғы жылдары президент тапсырмасынан кейін бұл іске қарқынды дайындық жүріп жатқанын көріп қуандық.

Одақтың кезінде 42 әріп мыйды (ми емес — мый) ашытты. Хат дегендегі «х» ма әлде қаһарман дегендегі «һ» жазамыз ба деп сұрайтын едік бір-бірімізден. Гаухар деп жазса қате дедік,  Гауһар болады деп.

Ноқаты бар «й» ма, ноқаты жоқ «и» бола  ма деп тағы дағдардық. «Ь» мен «ъ» деген мылқау әріптер де жүйкемізді жұқартты. Осы проблемалардан арылатын болдық деп қуанып едім өз басым.

Бірақ, кейбір мәселелер көңілге қаяу салды. Латынға көшу ісінің басы-қасында жүргендердің өзі (бәрі емес, көбісі) не үшін көшетінімізді білмейтін сияқты.

Солардың кейбіреуіне тоқтала кетейік...

Президентке ұсынылған латын әліпбиінің 1-жобасын қарайық. Сондағы «Цц», «Чч» деген әріптерге таңба берілгені қатты қынжылтты. Жұмыс тобының басшысы Мұрат Тілешев мырза кейбір халықаралық терминдерді айта алуымыз үшін «Ц» деген әріпті қалдырған дұрыс деп санайды екен. «Мысалға цитоплазма деген сөз бар» деп қояды. (Ютубта видеосы бар) .  Оу, айналайын,  орыстан басқа қай халық «ц» әрпін қолданады? (Бірен-саран ел бар шығар қолданатын)  Ағылшындар цитоплазма, цемент, циркуль,. . . деген сөздерді қалай айтып жүр. . . Түріктер ше. . . Ситоплазма, сиркул, семент деп айтсақ біреу ұрса ма бізге?  Латынға не үшін көшейін деп жатқанымызды Тілешев біле ме екен? Жұмыс тобының басшысы жаңағыдай сөзді айтып тұрса ондай жұмыс тобының керегі жоқ. Екінші нұсқа тіпті сорақы болып шықты. Апострофтан құралған әліпбиді қай «ғалым» ойлап тапты екен. Апостроф әліпбиден кейінгі шыққан нұсқаның да жағдайы мәз емес.

Латын әліпбиіне қатысты айтылған ой-пікірлерді  қарап,  олардың ішінен тек Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтында жұмыс істейтін Нәзира Әміржанова, Анар Фазылжанова т.б.  тіл мамандарының айтқандары ғана көңілден шықты. Мектепке баратын баланың әліпбиді оңай меңгеруін қалайтын болсақ, әліпбидің көзшалымға және қолшалымға ыңғайлы болуын қаласақ,  осы кісілердің айтқанымен келісуіміз керек. Болып өткен  пікірталастардан кейін әліпбимен айналысуға тек Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының мамандары құқылы деген қорытындыға келдім.
Тіл білімі институты мамандарының айтқан пікірлерін негізге ала отырып мына әліпби нұсқасын жасадым. Кемшіліктері болса мамандар түзете жатар.


Абай Ақпан

Түркістан қаласы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434