Сенбі, 23 Қараша 2024
3413 1 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 12:30

World Champions Olympic байқауының жеңімпаздарын Мәдениет министрі қабылдады

АҚШ-тың World Champions Olympic байқауына қатысып, алтын медальға ие болған «Бастау» домбырашылар тобы Астанаға келіп, Мәдениет және спорт министрінің қабылдауында болды.

«Біз бүгін қазақ өнері асқақтаған тамаша сәттің куәсі болып отырмыз. 20 Арнольд Шварцнеггер құрылтайшы болып саналатын, жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырылып келе жатқан беделді байқауда үздік атанып келулеріңізбен құттықтаймын!», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы домбырашыларды қабылдауда. Өнерпаздар бұған дейін де Латвияда өткен «Восходящие звезды» байқауында және Израильде өткен «World of music» сайысында бас жүлдемен марапатталған.

Топ мүшелері Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз - Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері. Өткен жылы қазақстандық Димаш Құдайберген «I am singer» жобасына қатысып, «Дайдидау» әнін шырқағанда дәл осы балалар домбырамен сүйемелдеген. «Қазақ ұлттық өнер университетінде Ернат екеуміз домбыра шертетінбіз. 2017 жылы Қытайдың Шанша қаласына Димаштың концертіне бардық және өзіміздің топты құруды ұйғардық. Сол жылы 27 маусымда Димаштың концертінде топтың тұсауы кесілген болатын. Бір жылда үш үлкен халықаралық конкурстың бас жүлдесін иелендік. Байқаудан соң, шетелдіктер бізге жақындап, домбыраның неше ішегі бар деп қызығушылық білдіріп жатты.

Екі ішек дегенімізде таң қалатын.  Домбыраның дыбысын голливудтық саундтректерге қосу туралы ұсыныстар түсті. Енді бәрі болашақтың еншісінде», - деді Темірлан Олжабай журналистерге берген сұхбатында. Айта кетейік, World Championship of Performing Arts (WCOPA) - халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік Олимпиада ойындарымен тең. Әлемдік шоу-бизнестің астанасы Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері  бақ таластырды. Қазақстандық өнерпаздар бұл байқауға алғаш рет қатысып, бас жүлдені иеленді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420