Сенбі, 23 Қараша 2024
4217 0 пікір 23 Шілде, 2018 сағат 14:24

Мұхамбетов жетім балаларды баспанамен қамту жұмысын сынға алды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов білім басқармасының жетім балаларды үймен қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мекемеде мәлім еткендей, облыста жетім балалардың жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы санының азайғаны байқалады.

«Облыста жалпы 2296 жетім бала бар. Оның 67 пайызы отбасыларда тұрып жатыр. 33,5 пайызы немесе 761 бала 14 балалар үйінде және интернаттық ұйымдарда тұрады. Осылайша, аудан мен қаланың 20 білім бөлімінің есебінде ата-анасыз қалып, қамқорлық пен қорғаншылыққа берілген 1359 жетім бала бар. 175 бала - патронаттық тәрбиеде», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова аппараттық кеңестің отырысында.

Қостанай облысында соңғы 7 жыл ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз балаларға арналған ұйымдар саны 4 бірлікке қысқарған. 2018 жылдың өткен мерзімі ішінде ғана аталған мекемелерден 94 бала шығарылған.

«Атқарған жұмыстың нәтижесі ретінде 2017 жылы Федоров балалар үйі мен биылғы Қостанай облыстық балалар үйінің жабылуын келтіре аламыз. 5 жылдың ішінде 366 бала отбасылы болып, 778 бала туған үйіне қайтарылды, қазақстандық азаматтар 320 баланы асырап алды» - деді Б. Даумова.

Өңір әкімі Архимед Мұхамбетов аталмыш жұмыстарды облыстың өзге де аудандары мен облыстарында жалғастыру керек екенін ерекше айтып өтті.

Облыстық білім басқармасының басшысы Б. Даумова Кеңес отырысында сөз сөйлеу кезінде балалар үйінен кеткен тәрбиеленушілердің алдағы тағдыры, әсіресе оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталмаған. Бұл мәселеге қатысты Архимед Мұхамбетов ескерту жасады.

«Қостанайда алғашқы жартыжылдықта 35 жетім бала үймен қамтылуы керек еді. Сіздер слайдта нөл деп көрсетіпсіздер. Астана күніне орай берілген пәтерлерді ескердіңіздер ме? Олардың қатарында жетім балалар да болған. Олар неге елеусіз қалды? Мекеме қызметі тым төмен», - деді әкім.

Осыған байланысты, Архимед Мұхамбетов әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Жандубаевқа аталмыш мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371