Назарбаев пен Путин Каспий теңізі туралы сөйлесті
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Біз кеше ғана "Трамп пен Путиннің кездесуі. Каспийдің біраз бөлігінен айрылып қалмаймыз ба?" деген мақала жариялаған едік.
Abai.kz