Павлодар заң колледжінде қазақ тілінің деңгейі көтерілуде
ПАВЛОДАР. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжінде мемлекеттік тіл айлығы аяқталды, деп хабарлады колледж қызметкері Гүлжан Серғазинова.
Курсанттар мен офицерлер қазақ тілін насихаттаған жарқағаздар шығарды - графикалық парақтар көрмесіне колледждің барлық кафедралары, бөлімдері мен қызметтері қатысты. «Ана тіліңді құрметте» деген тақырыпта өткен байқауда курсанттар қазақтың мақал-мәтелдері мен жаңылтпаштарын айтудан жарысты.
Айлық аясында сондай-ақ «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Курсанттар, колледж қызметкерлері және арнайы келген қонақтар - Павлодар облысы бойынша тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Кәбжан Еділбай, Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Айман Зейнулина және филология ғылымдарының кандидаты Қайрат Текжановтар әлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі мемлекеттің тілдің ролін талқылады.