Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2976 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 03:43

Кеден одағына қосылу - Қырғызстан үшін өте маңызды мәселе - Роза Отынбаева

БРЮССЕЛЬ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Беларусь, Қазақстан және  Ресейдің  Кеден одағына қосылу  -   Қырғызстан үшін    өте маңызды мәселе.

Бұл туралы      Қырғыз    Президенті  Роза Отынбаева   Брюссель  сапарының қорытындысы  бойынша журналистерге  берген сұхбатында мәлім етті.

«Бұл  жол (Кеден одағына  қосылу - ред.)   біз үшін өте маңызды.  Бізді   қатарға  тартып  отыр  деген  дұрыс шығар,  себебі    Қырғызстанда өндірілетін  барлық   өнім  Қазақстан мен  Ресей нарықтарына бағытталған.  Жұмыс  күштері мен  капиталдар  да      осы  елдерге   бағытталып  отыр (Қазақстан мен  Ресей  бағытына - ред.)», - деді Қырғыз  Президенті.

Роза Отынбаева сондай-ақ,    Кеден одағы құрылғанға дейін Қырғызстан Қытай  тауарлары  Қазақстан мен Ресей  нарықтарына   өтетін    транзиттік ел болғанын  айтып өтті.   Және  Қырғызстанның   Қытай  сияқты,    Дүниежүзілік сауда   ұйымының мүшесі ретінде   бұл транзиттен белгілі  бір табыс  алып  келгенін      айтты.    "Бірақ Кеден одағы  құрылғаннан кейін  «тауарды апаратын     жер жоқ»  болып  қалды",    - дейді  Р.Отынбаева.

«Кеден  одағы құрылғалы  бері Қазақстан  бұрынғыдай  ашық емес, сондықтан  да   біз үшін  Кеден  одағына қосылу     мәселесі  туындап отыр.   Ресей  Дүниежүзілік сауда ұйымына  тезірек  қосылса,  жақсы болар еді.  Мүмкін сонда,    қандай да бір өзгерістер   болар»,   - дейді   Қырғыз  Президенті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371