Алматыда студенттерге арналған жаңа жатақханалардың құрылысы аяқталуда
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары барысында қаладағы студент жастарға арналған жаңа жатақханалардың құрылысының қарқынын тексеріп шықты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Биылғы жылы көктемде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бес әлеуметтік бастаманы» атай отырып, студенттерге арналған жатақхананың жетіспеушілік мәселесін шешуді тапсырған болатын. Өз кезегінде, еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындарының үштен бірі орналасқан Алматыда 22 мыңнан асатын студент жатақхананы қажет етеді екен.
Бұл үшін, соңғы үш жылда қаламызда 37 жаңа жатақхана салуды жоспарлап отыр. Бүгінде жеті жатақхананың құрылысы жүріп жатыр, төртеуі ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілмек.
Тағы 12 жоғарғы оқу орнында 4,8 мың орындық жатақхана құрылысы үшін учаскені анықтап қойды. Сондай-ақ, қалада 19 жатақхана салу үшін жер беріліп отыр.
Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында Бостандық ауданында салынған 400 орындық алты қабатты жаңа жатақхананы көріп шықты. Бүгінгі күні мұнда тұрғын және тұрмыстық бөлмелерді жиһазбен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мекеменің енгізілуімен қала сыртындағы студенттерге арналған тұрғын үйге қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы 600 орындық тоғыз қабатты жатақхана құрылысы аяқталуда. Қазіргі уақытта алаңы 11 мың шаршы болатын ғимараттың ішкі әрлеу және тиісті аумақтарды көріктендіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтсақ, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында биылғы жылы «Алматы жастары» бағдарламасы жалғасуда. Жас отбасыларға жеке тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беру мақсатында бастапқы төлемсіз 5% мөлшерлемемен 2 млрд. теңге бөлінді.
Қалалық биліктің жұмысының басымдықтарының бірі қолжетімді тұрғын үй құрылысы болып табылады. Соңғы жылы Алматыда тұрғын үй құрылысының қарқыны 4 есеге өсті, ал әр үшінші кезектегілер пәтер алды. 1,9 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 16,5 мың жаңа пәтерлер салынды. Жақын арада тағы 1,5 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе 17 мыңнан аса пәтерлер салынатын болады.
Елбасының тапсырмасы бойынша 2016 жылдан бері бюджет есебінен бала бақшалардың төлем бағасы 2,5 есе төмендеді.
Abai.kz