Сенбі, 23 Қараша 2024
3460 0 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 09:03

Оқу жылының басталуы қарсаңында Донбаста мерзімсіз бітім жарияланды

Донбастағы жағдайды реттеуге арналған үшжақты байланыс тобы 29 тамыздан бастап мерзімсіз бітімге келу жөнінде келісті. Бұл жөнінде байланыс тобындағы Украина өкілінің баспасөз хатшысы Дарк Олифер хабарлады.

"Донецк және Луганск облыстарының өкілдерінің қатысуымен өткен байланыс тобы оқу жылының басталуына орай, 29 тамыздан бастап мерзімсіз бітімге келгендерін растайды. Тараптарға мониторинг жасауды ЕҚЫҰ қамтамасыз етеді", – деп жазады Олифер Фейсбук парақшасына.

Олифер осының алдында 1 шілдеде жарияланған бітім кезінде сепаратистер тарабынан бір жарым мың оқ атылғанын атап өткен. Сонымен бірге Минск келісімінде тыйым салынған қарулар – "Град" зымыран қондырғышы, танктер, артиллерия мен минометтер қолданылды дейді.

Украина тарабының пікірінше, Ресейден қару-жарақ тасымалдауға тыйым салмаса, Донбаста бітімге келу мүмкін емес. Қазірдің өзінде қару-жарақ тасымалдау жалғасып жатыр дейді.

Кремль болса, бұл айыптардың бәрін теріске шығарып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394