Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, әңгіме! 9763 20 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 08:52

Елбасыға өтірік айтқан кайсысы... Қожамжаров па, Асанов па?

Тамыз айында Елбасы Ақордада бірнеше жоғары шенді қызметкерді қабылдады. Солардың қатарында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров пен Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов та бар.

Мемлекет басшысының қабылдауында болған құқық қорғау саласының қос алыбы дәстүрлі түрде өз қызметтерінен есеп беріп, тиісті тапсырмалар алып қайтты. Бірақ, бізді таң қалдырғаны, екеуінің илеп отырғаны бір терінің пұшпағы болса да Елбасыға берген есебі екі түрлі. Бас прокурор қылмыстық процесті реформалау бағытында жүргізілген іс-қимылдардың нәтижесінде еліміздегі жалпы қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кемігенін айтты. Ал Жоғары сот төрағасы Өткен 6 айдың ішінде 26 мың қылмыстық іс қаралып, 16 302 адам сотталғанын айтты. Әрі бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары екенін еске салды.

Енді заңды сұрақ туындайды. Кім өтірік айтып отыр? Әлде біз дұрыс түсінбей қалдық па? Ендеше, Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі таратқан 2018 жылғы 6 айдағы сот жүйесі қызметі туралы ақпаратты ақтарайық. Онда жазылуынша, 2018 жылғы 6 айда аудандық, қалалық соттар 1,8 млн. іс пен материалдарды қараған. Өсім - 40%. Негізгі үлес азаматтық істерде - 84%. 26 мың қылмыстық іс аяқталды. Сотталған - 16 302 адам. 4 094 адам бостандығынан айрылған.

Жарайды бұл жердегі 1,8 миллион сотқа жеткен іс пен материалдың 84%-ы (1,5 млн) азаматтық істер дейік. Бірақ, бұған бола қылмыстық істер аз деуге келмейді. 16 мыңнан аса адамның сотталғаны тайға басылған таңбадай анық жазылып тұр. Әрі мұның өткен жылғы көрсеткіштен жоғары екенін сот төрағасының өзі айтып отыр. Бұны аз десеңіз, кейбір мәлімет бойынша биыл алғашқы жарым жылдықта 529 қазақстандықтың өмірі өзгелердің қолымен қиылған екен. Өткен жылы дәл осы уақытта бұл көрсеткіш 477 адам болған. Енді осы мәліметтерге қарап елімізде қылмыстың көбейгенін анық аңғаруға болады.

Сонда Бас прокурор айтып отырған «қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға кеміді» деген не сөз? Әлде ол кісі құқық қорғау қызметкерлерінің көз алмай аңдуы мен удай қымбат айыппұлдан шаршаған жол бойында шемішке шағып, темекі тартатындардың азайғанын айтып отыр ма? Немесе, жол полициясына қалтасын қақтырып жалыққан жүргізушілердің жол ережесін сақтау үшін барын салып жүргенін айтып отыр ма? Бірақ, бұларды қылмыстық іспен шатастырудың еш жөні жоқ. Демек, Бас прокурор Елбасының алдында өз қызметін тым жоғары бағалап, шалағай есеп беріп кеткен болу мүмкін.

Түйін

Біз бұл сөздерді тырнақ астынан кір іздеу үшін айтып отырған жоқпыз. Кез-келген шенеунік Елбасының алдында тек шынайы мәліметтерді көрсетіп, шын есеп беруге тиіс екенін айтқымыз келеді.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

 

 

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364