Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2671 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:06

Жапония зілзала ошағына айналды

Жапонияда жұма күні болған қуатты жер сілкінісі мен алапат цунамидан кейін жаппай құтқару және қаза болған адамдарды үйінділердің астынан аршып алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Табиғат апаты салдарынан атом электр станциясында екі бірдей жарылыс болған. Енді жарылыстан тарайтын радиация қаупі Жапон елін алаңдатып отыр. Бір айналдырғанда шыр айналдырады демекші, Жапон үкіметі бұл апатты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған елдегі ең ірі ауыр апат деп айтып жатыр. Зілзаладан ондаған мың адам зардап шегіп, мыңдаған адамдар із-түссіз жоғалған делініп жатыр. Қазіргі уақытта құтқарушылар зардап шеккен ел азаматтарына көмек беріп үлгермей жатқан көрінеді. Жапон халқының басына түскен ауыр жағдайға әлем халқы қайғырып, мемлекеттер көмек қолын созуда.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129