Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3377 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:25

ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы бес сатыға жоғарылап, 132-орында тұр

АСТАНА.  15 наурыз. ҚазАқпарат  - Футболдан Қазақстан   ұлттық құрамасы ақпан  айында   ФИФА рейтингінде бес  орынға  жоғарылады,яғни 137-орыннан  132-орынға көтерілді.  Бұл туралы ҚР Футбол  федерациясының  ресми  сайты  хабарлап  отыр.

Ал  рейтингтің алғашқы  ондығында  Испания, Голландия, Германия, Аргентина, Бразилия, Англия, Уругвай, Хорватия, Португалия, Грекия  құрамалары  орналасқан.  Алдыңғы аймен  салыстырғанда,   тек Аргентина мен Бразилия ғана орындарын  ауыстырып  отыр.

"Еуро-2012"  чемпионатының  іріктеу турнирі  аясында біздің    команданың қарсыластары  Түркия -32-орында,   Австрия - 61-орында, Бельгия  -62-орында, Әзірбайжан  100-орында тұр.

Айта кетейік, ФИФА-ның бұл рейтингі жарияланғанға дейін Қазақстан құрамасы «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирі аясында төрт матч өткізіп, соның барлығында жеңіліп қалды. Біздің команда өз алаңында Түркияға 0:3, Бельгияға 0:2, Германияға 0:3 есебімен есе жіберсе, сырт алаңда Австриядан 0:2 есебімен жеңілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1131
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2662
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746