Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2780 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:27

Жапониядағы зілзала мұздықтар дәуірін жақындатуы мүмкін

АСТАНА.  15 наурыз.   ҚазАқпарат  -  Жапониядағы  жойқын зілзала    жаңа  мұз басу  дәуірінің басталуына себеп  болуы   мүмкін.

Физик-теоретик Мичио Какудың  айтуынша,   апаттан кейін  Тынық мұхитының астындағы   тектоникалық   тақташалардың арасында   ені 400 шақырымға  жететін  жарық   пайда  болып,  жер  қабатының   ауқымды бөлігі сол жарыққа  түсіп   кетті.  «Осының  салдарынан    тәулік мерзімі  қысқарды және  Жер кіндігі   жылжыды,   нәтижесінде  Жердің  айналу  жылдамдығы    артты»,  дейді  ғалым. Бұл туралы Utro.ru сайты  хабарлайды.

Жердің айналу   жылдамдығының артуы  тікелей  салдарға әкелмегенімен,   бұл құбылыс    күннің суытуына соқтыруы ықтимал,  деп ескертеді физик. «Мұз басу дәуіріне    не себеп болғаны  туралы ғылыми жарыссөздер жүріп жатқалы  қашан. Негізгі  теория,   жер кіндігінің  аз-аздап  жылжу үрдісі  бар,    осы  үдеріс   біртіндеп қордалана береді.  Дәл осы үдерістер, Жер кіндігінің     тербелістері     мұздықтар дәуіріне   себеп   болуы ықтимал  дегенге саяды», -  дейді ғалым.

Дегенмен   ғалым,  әр   жүз жылда  жер   шарының   әр түкпірінде    бірнеше   үлкен жер  сілкіністері  болып  тұратынын  айтады. Сондықтан да,    бұл жолғы  зілзаланың климаттың  өзгеруіне  қаншалықты әсер ететінін бағалау  қиындау,  дейді   физик.

Ресей ғалымдары,    Жапониядағы зілзаланың  жақында Күннің бетінде  болған     үлкен жарылыспен байланыстылығы  туралы  болжам ұсынып  отыр.   Олардың пікірінше,   күн бетіндегі   процестер  жер қабатында  болып жатқан   үдерістерге  «шүріппе»  болуы ықтимал.   Көргендер болса, Голливудтың атышулы «2012»   фильміне   дәл осы  гипотеза    арқау болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522