Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2386 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:29

Қазақстан көші-қон саясатында босқындар мәселесін шешуде жаңа әдістерді іздеу мен жүзеге асыруға дайын - Гүлшара Әбдіхалықова

АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жыл басында Қазақстандағы босқындардың саны 603 адамды құрады. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан  Орталық Азиядағы босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон туралы аймақтық конференцияда айтылды.

«Қазақстан  көші-қон саясатында босқындар мәселесін шешуде жаңа әдістерді іздеу мен жүзеге асыруға дайын. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстандағы босқындардың саны 603 адам немесе 230 отбасын құрады.  Олар 3 аймақта тіркелген», - дейді  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, босқындардың  506-сы   Алматы қаласында, қалғаны  Оңтүстік Қазақстан (83 адам) мен Алматы (13 адам) облыстарында тіркелген.  Аймақтық бұл конференция  қазіргі уақыттағы көші-қон саясатындағы көкейкесті мәселелерді талқылап, ортақ ұйғарымдар жасауға мүмкіндік бермек.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108