Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2392 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:32

Қызылорда облысында туберкулез ауруын тоқтату жөнінде айлық өтіп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында ақпанның 23-і мен наурыздың 24-і аралығында «Біздің мақсатымыз туберкулезді тоқтату!» атты айлық өтіп жатыр.

Туберкулездің алдын алу айлығын ұйымдастырудың басты мақсаты -   профилактикалық жұмыстарды күшейту арқылы халықтың сауаттылығын көтеру болып табылады.

ДДҰ мәліметі бойынша әлемде туберкулезбен жыл сайын 9 миллион адам тіркеліп, 2 миллионы аталмыш аурудан көз жұмады екен. Елімізде  туберкулез ауруына қарсы жан-жақты күрес жұмыстары жүргізілгенімен күрмеулі мәселелердің бірі болып қалуда. Халқымыздың туберкулез ауруына  жай тұмаумен ауырғандай  жайбарақат қарап, еті үйреніп кеткендігі жұқпалы дерттің өршуіне негізгі себеп болып отыр. Осыған орай елімізде туберкулез дертіне қарсы күрес жұмыстары денсаулық сақтау саласын дамытудың  2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылған.

Осы мақсатта айлық барысында халық көп жиналатын орындарда, қала мектептерінде, колледж студенттері арсында «Біз туберкулезді болдырмаймыз!» тақырыптарында акциялар өткізілуде. Осындай акцияның бірі 15 наурыз күні сағат 11-30 да №136 мектептің мәжіліс залында өтеді. Акцияның мақсаты - жастардың өздерін іс-шараға қатыстыра отырып, туберкулез жұқпалы ауруының алдын алуға болатындығын насихаттау. Акцияға облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының,  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің, қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің, облыстық Қызыл ай қоғамының мамандары қатысып, оқушыларға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Акция барысында оқушылар туберкулез ауруының қалай жұғатынын, белгілерін, тегін емделу шаралары жүргізілетінін, алдын алуға, салауатты өмірдің денсаулық кепілі болатындығын  өздері әзірлеген көріністері мен қойылымдары арқылы көпшілікке  ұғындырады. Сондай-ақ мамандар кеңесін тыңдап, сұрақтарына жауап алады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522