100 келіден жоғары салмақта Аннамырат Мырадов алтын алды. Бұған қоса, жеңімпаз "Ұлы көшпенділер күресіне" қатысуға мүмкіндік алды. Бұл турнирдегі ең сыйлы спорт түрлерінің бірі саналады. Екінші және үшінші орындарға Бегенч Ягмыров (68 келіге дейін) мен Силапберди Нурыев (82 келіге дейін) көтерілді.
III Дүниежүзілік көшпенділер ойынының ашылу салтанаты 2 қыркүйекте Ыстықкөл облысындағы Бактуу-Долоноту ауылының ипподромында өтті. Қырғызстан үкіметінің 2012 жылғы бастамасымен өткізіліп келе жатқан турнирдің мақсаты - көшпелі өркениетті қайта жаңғырту.
Ойындарға әлемнің 66 елінен бір жарым мыңнан астам спортшы қатысады. Барлығы 594 медаль сарапқа салынады – 174 алтын, 173 күміс және 247 қола.
Abai.kz