Қытайда әзірге ешқандай радиациялық ауытқушылық байқалған жоқ - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша Қытайда әзірге ешқандай радиациялық ауытқушылық байқалған жоқ.
Қытай атом-электр стансаларының жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктары қауіпсіз жағдайда. Бұл туралы 15 наурызда Бейжіңде өткен кезекті баспасөз мәслихатында Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй ханым мәлім етті.
Қытайдың Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанындағы Мемлекеттік ядролық қауіпсіздік басқармасы өкілінің айтуынша, өкімет Жапонияның «Фукусима-1» АЭС-індегі апаттан кейінгі жағдайдың барысын жіті бақылап, елдегі радиациялық ахуалға мониторингті жиілетеді және оның қорытындысы туралы жариялап отыратынын болады.
Сондай-ақ Цзян Юй ханым, Қытай үкіметі мен халқының жойқын зілзалаға байланысты жапон үкіметі мен халқына қайғырып көңіл айтатынын жеткізді.
«Жапонияның сұранысын ескере отырып қажетті барлық көмекті көрсете береміз және жапон халқының барлық қиындықты жеңетініне сенімдіміз», - деп атап көрсетті СІМ өкілі өз сөзінде.
Қытайдың Қорғаныс министрлігі де жойқын зілзала мен цунамиге байланысты Жапонияға көмек көрсетуге әзірлігін білдірді.

Кеше, 15 наурыз күні сондай-ақ Қытай басылымдарында 100 қытай академигінің хаты жарияланды. Академиктер, Қытай халқының Жапонияға көрсетіп жатқан көмегі соңғы жылдары екі елдің арасында орын алған дау-дамайлардан кейін басталған келіспеушіліктерді шешуге көмектесетініне сенім білдіреді.
15 наурыздағы ресми деректер бойынша, Жапонияда зілзала мен цунами салдарынан 3 373 адам қаза болған, 1897 адам жараланған, ал 6746 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.