Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2357 0 пікір 16 Наурыз, 2011 сағат 05:45

Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше қар көшкіндері жүрді

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында бірнеше қар көшкіндері жүрді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-дан хабарлады.

15 наурыз күні сағат 11-де ШҚО Қатонқарағай ауданындағы «Сөгір-Печи» автожолының 14-ші шақырымында күннің жылынуынан түскен жауын-шашындардан кейін, өздігінен 130 текше метр көлемде қар көшкіні жүрді. Қар жартылай автожолды жауып қалды.

Осы күні сондай-ақ, күндізгі сағат бірге жақын аталмыш автожолдың 16-шы шақырымында жалпы көлемі 120 текше метр болатын тағы үш көшкін өздігінен түсті. Құтқарушылар анықтап бергендей, барлық төрт жағдайда да құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сейсенбі күні, сонымен бірге, Алматы облысы, Кіші Алматы бассейніндегі Іле Алатауында орналасқан №26 «Конус» көшкін жинағында қарларды профилактикалық мақсатта түсіру әрекеттері жасалды. Бірақ мұз қатқақтарының мығымдығынан көшкін түспеді. Айта кетейік, 14 наурыз күні осы учаскіде жалпы көлемі 400-500 текше метрлік көшкін жүріп, ол тау бөктеріне келіп тоқтаған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502