Қазақстанда атом электр стансасын cалу идеясынан бас тартудың реті жоқ - Д. Тұрғанов
АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанда атом электр стансасының құрылысын салу идеясынан бас тартудың реті жоқ.
Бұл туралы бүгін Астанадағы электр энергетикасын дамыту мәселесіне арналған VІ республикалық кеңесте Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті.
«Біздің пікірімізше, Қазақстанда атом электр стансасының құрылысын салу идеясынан бас тартудың реті жоқ. Атап айтқанда, бұл тұрғыда қаралатын жобалар тыңғылықты зерделеніп, сапалысы ғана іріктелінуі тиіс. Яғни, қауіпсіздік мәселесі айырықша назарда болуы тиіс»,-деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Үкімет тарапынан мақұлданған атом энергетикасын дамыту бағдарламасы қазіргі кезде Президент аппаратының қарауында жатыр. Бұл бағдарламада қауіпсіздік мәселелері барынша ескерілген. Дегенмен де, оған кейбір түзетулер енгізілуі мүмкін.
«Осы мәселелерді ескере отырып атом электро стансасы Қазақстанда болуы тиіс. Елімізде бұл тұрғыда барлық жағдайлар бар. Уранның қоры бойынша еліміз әлемде екінші орында. Ал, оны өндіру бойынша алдыңғы орындамыз. Сондықтан бізге бұл саламен айналысуға барлық алғышарттар бар»,-деп атап өтті Д. Тұрғанов.

Осы орайда вице-министр аталған бағдарламада ядролық отын циклінің барлық кезеңдеріне қатысу шаралары қамтылғанын айтып өтті. Яғни, онда уранды өндіруден бастап, оны өңдеу, байыту, сондай-ақ электр стансалары үшін отын шығаруға дейінгі барлық жұмыстар қарастырылған.