Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2768 0 пікір 16 Наурыз, 2011 сағат 06:00

Құндызай Қалауова. Судьялар істі созбалаңға салуға неге құмар?

ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мырзаның,

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков мырзаның назарына!

Әділдік іздеген азаматтар сотқа жүгініп, істің ақ-қарасын ажыратуға әрекет жасайды. Дегенмен көзі қарақты, қолына қалам ұстаған адамдардың өзі соттың шырғалаң тірлігінен безіп кететіндей жағдайға тап болып жататыны анық. Барлық соттардың әділ шешім шығаратынына күмән келтіргім келмейді, бірақ өзімнің басымнан кешкен жәйттер, кейде осы әділдік таразысы саналатын соттардың да «алтын көріп жолдан тайғаны ма?» деп ойлануға себеп болатындай.

Айтайын дегенім,  мен өткен жылы сәуір айында «Оңтүстік таңы» газетінің меншік иесі Оңғар Тәжиев пен газеттің бас редакторы Ерлан Оңғарұлы Тәжиевті аталмыш газетте таратылған шындыққа сай келмейтін, ар-намысымды аяқасты ететін мақалаларына байланысты өз ар-намысым мен қадір-қасиетімді қорғау мақсатында талап арыз түсірген болатынмын.

ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәми мырзаның,

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков мырзаның назарына!

Әділдік іздеген азаматтар сотқа жүгініп, істің ақ-қарасын ажыратуға әрекет жасайды. Дегенмен көзі қарақты, қолына қалам ұстаған адамдардың өзі соттың шырғалаң тірлігінен безіп кететіндей жағдайға тап болып жататыны анық. Барлық соттардың әділ шешім шығаратынына күмән келтіргім келмейді, бірақ өзімнің басымнан кешкен жәйттер, кейде осы әділдік таразысы саналатын соттардың да «алтын көріп жолдан тайғаны ма?» деп ойлануға себеп болатындай.

Айтайын дегенім,  мен өткен жылы сәуір айында «Оңтүстік таңы» газетінің меншік иесі Оңғар Тәжиев пен газеттің бас редакторы Ерлан Оңғарұлы Тәжиевті аталмыш газетте таратылған шындыққа сай келмейтін, ар-намысымды аяқасты ететін мақалаларына байланысты өз ар-намысым мен қадір-қасиетімді қорғау мақсатында талап арыз түсірген болатынмын.

Менің талап арызым бойынша азаматтық істі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы А.Сапашев қарап, істі созбалаңға салып, ақыры жауапкерге талап хат жолданбағанын тілге тиек етіп, істі қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарды. Сотты бірде-бір рет сот залында қарамаған судья хаттамада сотқа қатысушылардың барлығынан жауап алғандай етіп толтырыпты. Тіпті жауапкер О.Тәжиев пен Е.Тәжиевтің қатысуынсыз-ақ қарауға менің келісім бергенімді де баяндаған. Шын мәнінде біз сот ғимаратының дәлізінде тұрып тілдескен болатынбыз. Менің хаттамамен келіспейтіндігім жөнінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасының төрағасы Е.Қарабаевқа жолдаған шағымыммен танысқаннан соң ол менің адвокатымды араға салып, ұйғарымда көрсетілген кемшіліктерді жойып, талап арызды қайта тапсырсам, аталмыш азаматтық істі созбалаңға салмай, ертерек шешім шығаратынын айтып, өтініш жасады. Мен шағымды кері қайтарып алдым. Бірақ ұйғарымдағы көрсетілген кемшіліктерді жойып, талап арызды қайта тапсырғанымда, менің талап арызым бойынша азаматтық істі А.Жаңбырбаева деген судьяның жүргізетіні мәлім болды.

Ал судья Жаңбырбаева да істі әбден созбалаңға салды. Ол баж салығын дұрыс төленбегеніне байланысты істі қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарды. Мен кемшіліктерді қайта түзеп, талап арызды қайта тапсырдым. Бірақ бірнеше сот отырысын өткізген А.Жаңбырбаева да іске соңғы нүкте қойып, шешім шығармады. Тіпті осы азаматтық іс бойынша соттасушы тараптарды жеке қабылдауына шақырған Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Н.Жамашев істі екі жақтың өзара келісімге келуі арқылы бітірмек болды. Бірақ біздер ол кісінің алдында да ешқандай келісімге келе алмадық. Сондықтан аудандық соттың төрағасынан мен істі тезірек бітіріп, заң шеңберінде шешіп беруді өтіндім. Келесі отырыстар әйтеуір кешіктіріле берді. Уақыт зымырап өтіп, сәуірде тапсырылған талап арызым желтоқсан айында әлі де толық шешімін таппады.

Не керек, мен судья А.Жаңбырбаевамен қайта-қайта хабарласып жүріп, әйтеуір сотқа шақыру алдым. Сонымен сот процесі болады деп тараптар сот залында судьяны күтіп отырдық. Ал судья менің адвокатымды өз кабинетіне шақыртып алды. Артынан мені шақыртты. Маған құжаттарды толықтыру үшін деп өтініш жазып, құжаттарымды кері ала тұруымды өтінді. Мұның себебін жылдың соңы болып қалғандықтан істің мүлдем көп екенін, сондықтан үлгермей жатқандығымен түсіндірді. Сондай-ақ, қайта тапсырған талап арызым бойынша, жаңа жылдың алғашқы жұмыс аптасында-ақ шешім шығарып беретінін айтып, өтініш жасады. Судья А.Сапашевтен бір рет аузым күйсе де, мен ол кісінің ар-ожданына салып, талап арызымды кері қайтарып алу туралы өтініш жаздым. Бірақ құжаттарымды қайта алу мұңға айналды. Себебі 15-желтоқсанында болған сот отырысын ол кісі 13-не болды деп, ұйғарым шығарыпты. Ұйғарым бойынша, құжаттарды толықтыру үшін деп емес, өз еркімен құжаттарын кері алуына байланысты істі тоқтату туралы деп көрсетілген. Сондай-ақ сот отырыстарында мен О.Тәжиевтің ұлы Е.Тәжиевтің де сотқа қатысуын қанша талап еткеніммен, Е.Тәжиевтің азаматтық іс бойынша бірде-бір рет сот отырысына қатыспағанына төрағалық етуші судья ешқандай мән берген жоқ. Және оның тарапынан сотқа қатыспауына себеп боларлық ешқандай құжат тіркелмеген. Ұйғарымға он күн ішінде наразылық келтіруге олар маған ешқандай мүмкіндік бермеді. Себебі мен құжаттарымды тек үстіміздегі жылдың ақпан айында әзер алып, сотқа талап арызымды қайта түсірдім.

Бүгінде менің талап арызым допша дөңгелеп, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы М.Әбдірәсіловке түсіпті. Судья М.Әбдірәсілов болса, талап арызбен қоса тіркелген баж салығының жарамсыз екендігін айтып ұйғарым шығарыпты. Себебі баж салығын мен өткен жылы қойған әр талабым үшін 707 теңге төлеген болсам, биылғы жылы баж салығын қойылған әр талап үшін 1512 теңге көлемінде төлеуім керектігі ескертілген.

Айналайын ағайындар-ау, сонда әрбір азаматтық іс бір жыл бойы осылай созбалаңға салынып, тиісті шешім шығып жатпаса, біз не үшін әділдік іздеп сотқа жүгінеміз? Сонда осылай сарсаңға салынған талапкер бүйткен соты құрысын деп қолын бір-ақ сілтемей ме?

Міне, бүгінде аяқасты болған ар-намысымды судьялар одан бетер аяққа таптап, мені әбден шаршатты. Тіпті осындай судьялардан әбден көңілім қалды. Егер газет бетінде таратылған ақпаратта менің ар-намысым мен қадір қасиетіме нұқсан келетіндей мәліметтер жоқ болса, неге талап арызымды заң шеңберінде қанағаттандырусыз қалдырмайды? Қолындағы құзіретті пайдаланып, судьялар азаматтардың құқығын осылай аяқасты ете беруіне бола ма?

Шымкент қаласы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502