Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3027 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 06:17

Шара Елеусіз. Қайнайды қаның...

Соңғы кездері әртүрлі баспасөз құралдарында дін жайында көптеген мақалалар жарияланып, онда мешіттердегі имамдар жұмысына, тіпті Қазақстан діни басқармасының атына да бірқатар сындар айтылып жүр. Мысалы, «Жас Алаштың»  2010 жылғы 29 сәуірдегі №34 санында Хайролла қажы Ғабжәлеловпен сұхбат жарияланды.

Хайролла Ғабжәлелов ағамызды төл теңгеміздің авторларының бірі ретінде, қазақтың көзі қарақты, сауатты азаматтарының бірі ретінде сыйлаймын, құрмет тұтам. Бірақ...

Жалпы қажы жерлесіміздің дін туралы айтқан уәждеріне құлақ қоямыз, бірақ өзінің ата-бабасының кіндік қаны тамған жер - Алғаға мешіт салып беріп, Ақтөбенің халқы туралы кереғар пікір айтып, аталмыш мешіттің имамын «шала сауатты» деп күстәналаудың қаншалықты қажеті бар еді? Қазақтың бір жаман мақалы бар: «көтергенің құрысын...» деп басталады, ал Хайролла Ғабжәлелов салып берген мешіттің имамы ешқандай да сауатсыз емес, институт бітірген діни білімді, сыпайы да иманды жігіт. Осы Әбдуахид Абдурасулов келгелі қаламызда иманды азаматтар көбейді, намазхандар саны артты. Тек мешіттің шаруасымен қалып қоймай, мектептерге барып, шәкірттер арасында да имандылық уағыздарын өткізеді.

Соңғы кездері әртүрлі баспасөз құралдарында дін жайында көптеген мақалалар жарияланып, онда мешіттердегі имамдар жұмысына, тіпті Қазақстан діни басқармасының атына да бірқатар сындар айтылып жүр. Мысалы, «Жас Алаштың»  2010 жылғы 29 сәуірдегі №34 санында Хайролла қажы Ғабжәлеловпен сұхбат жарияланды.

Хайролла Ғабжәлелов ағамызды төл теңгеміздің авторларының бірі ретінде, қазақтың көзі қарақты, сауатты азаматтарының бірі ретінде сыйлаймын, құрмет тұтам. Бірақ...

Жалпы қажы жерлесіміздің дін туралы айтқан уәждеріне құлақ қоямыз, бірақ өзінің ата-бабасының кіндік қаны тамған жер - Алғаға мешіт салып беріп, Ақтөбенің халқы туралы кереғар пікір айтып, аталмыш мешіттің имамын «шала сауатты» деп күстәналаудың қаншалықты қажеті бар еді? Қазақтың бір жаман мақалы бар: «көтергенің құрысын...» деп басталады, ал Хайролла Ғабжәлелов салып берген мешіттің имамы ешқандай да сауатсыз емес, институт бітірген діни білімді, сыпайы да иманды жігіт. Осы Әбдуахид Абдурасулов келгелі қаламызда иманды азаматтар көбейді, намазхандар саны артты. Тек мешіттің шаруасымен қалып қоймай, мектептерге барып, шәкірттер арасында да имандылық уағыздарын өткізеді.

Мешіт демекші, ауданымыздың төл перзенті Хайролла қажы салған мешіт «Хазрет Мұханбетқазы Меңдіқұлұлы мешіті» деп аталады. Ол мешітке қаржы салса атасының атын тарихта қалдырды, ал сол мешіттің салынғанына 6 жыл болды, содан бері оған жөндеу керек емес пе, басқа да ағымдағы шаруалары болмай ма? Мешіт діни басқармаға қарайды, бірақ оның ғимараты мен жері әлі де сол Хайролла қажының атында. Салынғанына 6 жыл болды, өзі салдырған мешіт болса да, Хайролла қажы осы мешітке бір ат ізін салмады, мешіт қажы иелігінде болса да, оның салығын мешіт жамағаттары, мешіт имамының қолдауымен төлеп отыр. Шын ықыласпен, халық үшін салынған мешіт болса, оны неге діни басқарманың иелігіне беріп, осы салықтан мешітті құтқармасқа?

Автордың екінші айтқаны, біздің шымбайымызға батқаны, «ауылдарға мешіт салайық десек салғызбайды» дегені, біздің Алға ауданында соңғы 2 жылда 2 ауылдан мешіт салынды, мешіт салғандар да сол ауылдың кәсіпкер жігіттері. Бірақ олар бұл секілді «Мен мешіт салып едім» деп кеуде қағып, айқайға басып аттандап жүрген жоқ. Ауыл мешіттері қандастарымызды имандылыққа үндеп, ың-шыңсыз жұмыс жасап жатыр.

Ешқайсысы да оларға атасының немесе туысқанының атын берген жоқ. Жалпы мешітке ат беру де уақыт өте келе халық өзі атандыратын шаруа. Мысалы, Қазақстанның түкпір-түкпірінде кезінде ата-бабаларымыз салдырған мешіттер көп, бірақ оларды кейінірек халық сол адамның атымен өзі атаған.

Шамалғанда мешіт ашу салтанаты кезінде түсірілген бейнетаспа кездейсоқ қолымызға түсті. Мешітті Хайролла қажының 26 жастағы баласы салдырған екен. Сауапты іс, ұзағынан сүйіндірсін! Әрине, 26 жастағы жігіт тіпті 16 жасынан бастап жатпай-тұрмай жұмыс істеді дегеннің өзінде, зәулім мешіт салуға қаржыны қалай жинағаны кім-кімді де қызықтырады.

Сол мешіттің ашылу салтанатында айтқан Хайролла қажының мына бір сөздері жағамызды ұстатты:

«Айналасын гүлдендіріп, дұрыстап ұстамасаңдар, сыртын қоршаймын да, басқа біреуге беріп жіберем», «Дұрыс адам болмаса діни басқарманың қойған адамын лақтырып тастаймын», «Діни басқармаң құрысын!» - міне, осындай кеудесіне нан пісіп тұрып сөйлеген сөздері жалпы мұсылман баласына жарасар қылық па?

Тап осы жиында Хайролла Ғабжәлелов Алға мешіті туралы әңгімені тағы қозғады:

«Діни басқарма бір өзбекті апарып қойды, ол аудан әкіміне ақша беріп қойып, мешітті бизнес көзіне айналдырып отыр», «Ақтөбенің халқы бәрі орыс, бір қазақтың шалы маған «неге мешіт саласың, одан да ресторан салмайсың ба?» деп айтты». Құранда «Халық - Алланың бір аты» деген бір сөз бар, қажы бауырымыз Ақтөбенің бүкіл халқына тіл тигізу арқылы сонда Алланың өзіне тіл тигізіп отырған жоқ па? Имамның қазақ екенін білеміз, тіпті ол өзбек болған жағдайдың өзінде, өзбек мұсылман емес пе, осы арқылы қажы ағамыз еліміздің басты байлығы - ұлт пен ұлыс арасындағы ынтымаққа қарсы тұрып отырған жоқ па?

Тағы бір айта кететін жағдай, діни басқарманың жүргізіп отырған саясатын біз де жан-тәнімізбен қолдаймыз. Ислам дінін тереңдетіп оқытатын заманауи «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті, имамдардың білімін жетілдіруді мақсат ететін «Ислам» институты, ірі мешіттердің жанынан ашылған сауат ашу курстары, облыс орталықтарынан 9 медресе мен 1 қарилар дайындайтын орталық өз жұмысын жүйелі атқаруда. Аталмыш медреселерде қазіргі таңда 502 шәкірт, соның ішінде 109 қыз бала оқып тәлім алуда екен. Кеңестер одағы ыдырағалы бері осы уақытқа дейін көршілес жатқан Орта Азиядағы мемлекеттердің дінбасылары мемлекеттік дәрежедегі медресе ашуға қолдары жетпей отыр. Мемлекетіміздің келешегі мен ел тағдыры, иманды ұрпақ өсіру бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірегейі. Осыны ескере отырып өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік негіздерін қалыптастырып, ұлттық және жалпы адамзаттық тұрғыдан өз отаны - Қазақстан республикасның патриот азаматын тәрбиелеп, халқымыздың болашақта тура жолдан адаспай, дініміздің тазалығын сақтау мақсатында біздің Дінбасымыз Елбасымен келісе отырып, осындай болашақ ұрпақтың қамын ойлап, ата-бабаларымыз аңсап кеткен медреселерге қол жеткізіп отыр.

Егер Хайролла Ғабжалелов айтқандай, діни басқарманың жұмысы, тіпті де нашар болатын болса, кеше ғана өткен құрылтайда бас қосқан мұсылман қауымы Әбсаттар қажы Дербісәліні бірауыздан қайта мүфти сайлар ма еді? «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» демекші, Хайролла қажыдан басқа мұсылмандардың да өз білгені, түйгені бар емес пе?

Мешіттердегі имамдар жергілікті жерлердегі барлық хал-ахуалға бас-көз болатын, елді имандылыққа шақыратын, қаралы үйдің қайғысына ортақтасып, жастардың некесін қиятын, азан шақырып нәрестенің атын қоятын, балаларды сүндетке отырғызатын, қысқасы имандылыққа шақыратын осы имам азаматтар. Бір жерден естілген алып-қашты әңгімеге бола көпке топырақ шашуға болмайды. Құран кәрімнің өзінде біреуді нахақ ғайбаттаудың күнә екені айтылған.

Сондай-ақ, ауылдағы мешіттерді басқа орталықтардағы мешіттерден бір де кем қоюдың қажеті жоқ, ауыл мешіттерінің имамдары, соның ішінде біздің Алға қаласының мешітінің имамы Әбдуахид Абдурасулов та өз міндеттеріне адал қарайтын, айналасына имандылық нұрын шашып жүретін жан. Аудан мен қаламыздың тұрғындары Әбдуахид бауырымызды қадірлейді. Кез келген жұмыста аудан әкімшілігі қолдау көрсетіп, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімімен бірлесе жұмыс істейді.

Ендеше Астанада, Алматыда отырып, өздерін «дінтанушы» деңгейіне дейін өздері көтерген азаматтар бос сөйлемесін, «балықтың басынан бұзылатынын» атам қазақ айтып кеткен, ендеше ауылдардағы имамдарға жөнсіз тисудің қажеті жоқ.

Соңғы айтайын дегеніміз, әртүрлі БАҚ құралдарына қойылатын талап біреу болу керек, ол - аттандап, жоқ жерден дау-дамай іздеп, өздеріне ұпай жинамай, керісінше, өмірдің сәулелі жақтарын, имандылық пен ізгілікті көбірек насихаттауы қажет тәрізді. Біздің БАҚ құралдарының көбісінде осы жанашыр тілектестік көңіл жетіспей жатады. Бұл «мүлде сын болмасын» деген сөз емес, сын болсын, бірақ шын болсын.

Алға ауданы, Ақтөбе облысы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517