Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 6091 6 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 15:07

Құдай-ай, қай бетімді шымшиын, параны рубльмен ала бастадық...

Масқара болды деген осы. Құдай-ай, қай бетімді шымшиын...

"Қазақстанның әкімі параны рубльмен алыпты" деп ақпарат құралдары ұлардай шулап жатыр.

Сөйтсек, рас екен. Жегені желкесінен шыққыр әлгі әкім шынымен параны Ресейдің рубльімен алып жатқан жерінен ұсталыпты. Бейне-жазбасы да жария болды.

Параны алған Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданының әкімі. Есім-сойы - Жастілек Сыздықов.

Бұл оқиға 1-қыркүйекте болған. Жаңағы аудан әкімі Мамлютка қаласына барған. Онда №1 гимназия оқушыларын білім күнімен құттықтап шыққан. Содан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюро қызметкерлері әкімнің пара алып тұрған жерінде үстінен түскен.

Сол тұрғанда 185 мың Ресей рубльі көлемінде пара алып жатқан екен. Бұл теңгеге шаққанда 1 миллионнан асып жығылатын сома.

"Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында СҚО Мамлют ауданының әкімі пара алғаны әшкереленді. Ол ЖШС директорынан қамқорлық жасау үшін 185 мың Ресей рубль көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп жазылған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми хабарламасында.

Әлгі әкім кінәсін сол жерде мойындаған екен. Сондықтан тұтқындалмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп жазады sputniknews.kz сайты.

40 жастағы Жастілек Сыздықов 1997 жылдан бастап Ақжар ауданында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Осы жылдың қаңтар айында Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды.

Нүкте. Біздің елде бәрі мүмкін. Тәуелсіздік алғанымызға 27 жылдан асып жығылса да, келмеске кеткен Кеңесті армандап, оның қазіргі мұрагері Ресейдің мемлекеттік тілі мен идеологиясына табынатын шенеуніктер бізде жетіп артылады.

Құлдық санадан арылмаған, арыла алмайтын, құлықсыз сорлылардың солтүстіктегі сары орыстың саясатына соншама тәуелділігінің көрінісі -  міне, шенеуніктеріміз, тіпті параны да рубльмен алатын болды. Масқара болды деген осы. Құдай-ай, қай бетімді шымшиын...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387