Алматыдағы ЖОО-лар “қоғамға қызмет ету” жобасын жүйелі оқытуға дайын
Алматы Менеджмент университетінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында “U 38” Университеттер Альянсы “Қоғамға қызмет етуге оқыту” жобасын іске қосу туралы жиын өткізді. Бұл жоба бойынша Қазақстан ЖОО-ларына әлемдік тәжірибедегі “Community Service Learning” бағдарламасын енгізу қажеттігі де айтылды.
“U 38” Альянсының төрайымы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Шолпан Жаманбалаева өз сөзінде:
- Қазақстанның барлық университеттеріндегі студент жастарды қоғамға қызмет етуге дағдыландыруға тиіспіз. Ал, “Рухани жаңғыру” қоғам алдында өзінің жоғары әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін мамандарды дайындауға жауап береді,- деді.
Бүгінде Алматыдағы ЖОО-лар “қоғамға қызмет ету” жобасын жүйелі оқытуға дайын. Бұл қадамды енгізіп үлгерген жетекші университеттер өзге білім ордаларына әдістемелік көмек көрсетпек. Алматының 38 университетінің өкілдері қатысқан алғашқы семинарда Almaty Management University тәжірибесі ұсынылды.
Осы уақытқа дейін бұл қоғамдастық зейнеткерлер мен аз қамтылған топтарға тегін кеңес беретін Студенттік Заң клиникасының құрылысын жасағанын атап айтуға болады...
Abai.kz