Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
4049 15 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 10:37

Елбасы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Мемлекет басшысы Қарағанды қаласына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік және мәдени нысандарда болып, Қарағанды облысын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

облыстың этно-мәдени бірлестіктерінің жұмысымен танысқаннан кейін, өңірдегі жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Мемлекет басшысы облыстың экономикалық даму көрсеткіштерінің оң қарқынын айрықша атап өтті.

– Бес жыл ішінде 1,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының қарқыны жөнінен бұл өңір республикада төртінші орында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Қарағанды өңірінің еліміздегі ең урбанизацияланған аймақ екенін айтып, облыстағы барлық елді-мекенде әлеуметтік инфрақұрылымды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1172
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2697
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 818
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 789