Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4007 3 пікір 10 Қыркүйек, 2018 сағат 09:36

Ресейде билікке қарсылық білдірген ондаған адамды полиция ұстады

Қыркүйектің 9-ы күні Ресейдің бірнеше аймағында үкіметтің зейнетақы реформасына қарсылық білдіріп көшеге шыққандарды және оппозиционер Алексей Навальныйдың жергілікті штабы өкілдерін полиция ұстаған.

«Фонтанки» ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың саны 500-ге жуық. Екатеринбургте 129 адамды ұстаған.

Мәскеуде әртүрлі көрсеткіш бойынша, бірнеше ондаған адамды ұстаған. «Театральная» метро жанында манифестанттарды шоқпармен ұрған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Пушкин алаңындағы акцияға бес мыңға дейін адам қатысқан. Пушкин ескерткішінің жанына "Зейнет" деп жазылған қаралы гүлдесте қойылған. Жиналған жұрт "Бұл реформа емес, бұл тонау!", "Ақшамызды қайтарыңдар" деп жатты.

Ресей бойынша, зейнетақы реформасына қарсылық ретінде 60 мыңнан 80 мыңға дейін адам қатысқан. Бұл жөнінде Твиттерге Навальныйдың әріптесі Леонид Волков жазды.

Мәскеуде Pussy Riot тобының мүшелері Ника Никульшина мен Диана Диденко ұсталды. Оларды полиция бөлімшесіне алып кеткен. Қыздарға жылы киім жеткізбек болған топ мүшесі Петр Верзиловты да ұстаған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1235
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2761
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 889
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837