Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2879 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 03:13

Мақсат Мәденов. Хиджабқа қоғам қолдау көрсетуі қажет

Соңғы кездерде елімізде хиджабқа қарсы тұратындар көбейді. Хиджаб киетін әпке-қарындастарымызға тура бір террорист көргендей жақтырмай қарайтындар арамызда жеткілікті. Әсіресе, білім ордаларына хиджабпен келген қыздарға тиым салынып жатқаны жанымызды жабырқатады. Менің ойымша, хиджаб киген қыз-келіншектерге қоғамымыз тарапынан қолдау көрсетілуі қажет-ақ.

Шын мәнінде қыздарымыздың ибалы да, тәрбиелі, иманды болуына біздер қуануымыз керек. Мұсылман қыз-келіншектері әуретін жауып, оны тек өздерінің жарына ғана көрсетуі имандылықтың белгісі емес пе? Мұхтар Әуезов ағамыз хиджабты «шариғат шәлісі» деп атаған. Кеңестік дәуірдің қылышынан қан тамған тұсында хиджабты осылай атаудың өзі ерлікпен пара-пар екені түсінікті. Ал қазақтың сауатын ашуда елеулі еңбек еткен ағартушы Ыбырай Алтынсарин ағамыз: «Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық!» деп білім алмастан бұрын Алла-тағалаға ғибадат етуді үкім етті.

Ендеше білім алудан бұрынғы парызымыз Алла-тағаланы зікір ету екенін ұмытпайық. Бүгінгі қоғамымызда егемендік алып, етек-жеңімізді жинап, дініміз бен тілімізді берік ұстауға ешкім кедергі болмауы керек. Тіпті балабақша мен мектептерімізде осы Ыбырай атамыздың өлең жолдарын дәптердің алғашқы бетіне жазғызып, оқушының есіне Алла-тағаланы жиі салып, балалардың иманды болып өсуіне неге бағыт бермеске?

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмаудың да бір ғана жолы бар. Ол - имандылық тәрбиесі. Иманды бала өзгеге әлімжеттілік жасамай, әл­сізге көмек қолын ұсынуға дайын тұратыны белгілі. Сондықтан балалардың тәртіпсіз болып бара жатқанының басты себебін өзімізден іздеуіміз керек. Яғни балаларға дұрыс бағыт беріп, имандылыққа тәрбиелемесек, ертеңгі күні опық жейтініміз анық. Әл-Фараби атамыз айтқандай «Тәрбиесіз алынған білім адамзаттың қас жауы» екенін ұмытпағанымыз абзал. Себебі дұрыс тәрбие ғана қоғамды аман сақтап қалады. Неге бүгінгі күні көкек аналар көбейді? Неге өз ата-аналарын қатігездікпен қарттар үйіне тапсыратын тасжүрек балалар пайда болды? Мұның бәрі дінсіз қоғамдағы дүбәра тәрбиенің салдары.

Егер мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар исламдық тәлім-тәрбие негізінде білім алар болса, арақтың харам екенін, кісі ақысын жеудің, ата-анаға артық-аспай сөз айтудың үлкен күнә екенін біліп өскен болар еді. Қыздарымыз ибалы да, инабатты болып өссе, жезөкшелер қоғамнан өзінен-өзі жойылар еді.

Міне, сондықтан мектептегі білім алушы шәкірттерімізді иманды етіп тәрбиелеуге әрбір ұстаздың атсалысуы керек. Қазақстанның болашағы мектептен басталатынын ұмытпайық. Мектеп - ертеңгі қоғамды басқаратын азаматтарды тәрбиелеп шығарады. Қоғамымызды қауіпті дерттен қорғап қалуды бүгінгі күннен бастайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475