Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 3878 0 пікір 19 Наурыз, 2011 сағат 05:26

Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Республиканың  батыс облыстары - циклон, ал оңтүстік-шығыс және шығыс облыстары суық ауа ағындарының ықпалында болады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түсіп, жел қуаты секундына 18-23 метр болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының да кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Таяу үш тәулікте Іле, Қаратал, Шу, Сырдария және Жайық өзенінің төменгі ағыстарында мұз құрсауларының әлсіреп, жарылуы күтілуде. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында су деңгейінің ауытқуы байқалады. Арыс өзені арқылы Сырдарияға су ағыны ұлғаяды. Республиканың солтүстік бөлігіндегі өзендерде қысқы режім сақталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2750
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1864