Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3442 0 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 09:47

БҰҰ: Биыл Асад әскері үш мәрте химиялық қару қолданған

Сирия президенті Башар Асадтың әскері биыл бейбіт тұрғындарға қарсы үш мәрте химиялық қару қолданған. БҰҰ-ның тәуелсіз халықаралық комиссиясы осындай қорытынды жасап отыр.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы жариялаған баяндамада Асад күштері қаңтар және ақпан айларында зымырандардың көмегімен Шығыс Гута тұрғын аудандарында химиялық шабуыл жасаған. Соның салдарынан 24 адам зардап шекті, оларды арасында 6 бала және 10 әйел бар. Олар әскер хлормен уланып қалған.

Дәл осындай жағдай ақпан айында Идбил провинциясында тіркелді. Комиссия үкімет әскерінің бұл ауданға екі газ баллонын тастағанын анықтады. Кем дегенде 11 адам зардап шеккен.

Қазіргі таңда БҰҰ амандары Дума қаласында 7 сәуірде жасалған химиялық шабуылды зерттеп жатыр. Бұл жерде 49 адам қаза тауып, 650 зардап шеккен, деп хабарлады Reuters. Құжат авторлары Идлибке шабуыл гуманитарлық апат тудыруы мүмкін екендігін ескертіп отыр.

Ресей мен Сирия химиялық қару қолданғанын жоққа шығарып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114