Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
4082 12 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 10:24

Алматыда «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер сатып жатқан компаниялары бас қоспақ

«Баспана» Ипотекалық ұйымы Алматыдағы «7-20-25» бағдарламасының барлық сатылатын пәтерлері #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылатынын хабарлайды. Жәрмеңке 15-16 қыркүйекте "Dostyk Plaza" ойын-сауық орталығында өткізіледі. Жәрмеңке ұйымдастырушысы Homsters.kz онлайн-сервисі.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы бойынша 70-тен астам тұрғын үй кешендерінің өкілдері қатыспақ. Олар барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге дайын.

Сонымен қатар келушілерге екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» Ипотекалық ұйымы мамандары кеңес бермек.

"Тұрғындар тарапынан «7-20-25» бағдарламасы бойынша іске асырылатын тұрғын үй кешендерінің тізімі туралы көптеген сұрақтар туындайды. Әсіресе, Астана және Алматы тұрғындары осы ақпаратқа зәру болып отыр. Мұндай жәрмеңке сатушылар, сатып алушылар мен банкирлерді бір жерде біріктіруге мүмкіндік береді», - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма  төрағасы Қайрат Алтынбеков. Екі күн ішінде жәрмеңкеге 5 мыңнан астам Алматы тұрғындары мен қонақтары келеді деп күтілуде. Бұл «7-20-25» бағдарламасы бойынша Алматыда  пәтер сатып алғысы келгендер үшін таптырмас мүмкіндік.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1187
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2717
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 836
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 805