Алматыда «ҚР Ұлттық аудиовизуалды архив қорының өзекті мәселелері» тақырыбында конференция өтеді
20 қыркүйек күні Алматы қаласында «ҚР Ұлттық аудиовизуалды архив қорының өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық конференция өтеді.
Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің 75 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Конференцияда қазіргі кездегі архив ісінің дамуы мен болашағы, отандық аудиовизуалды архив саласының жетістіктері, оларды пайдаланудың жаңаша әдіс-тәсілдері, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында архивтердің сандық жүйеге көшуі, ақпараттық жүйеде ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығы, мемлекеттік архивтерді сандық жүйеге келтіру мәселелері талқыланатын болады.
Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.С. Уәлиев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Т. Қожағапанов, Архив ісі және құжаттама департаментінің басшысы Ә.Х. Мұстафина және республикалық, облыстық архивтердің басшылары, ғалымдар мен ұстаздар, архив саласы мамандарының қатысуы күтілуде.
Архивтік аудиовизуалды құжаттардың халыққа қолжетімді болуын және сақталуын қамтамасыз ету, ақпараттық-теxникалық ресурстарды пайдалану, архив қызметін кеңейту және жекелеген бағыттарының тиімділігін арттыру сияқты сұрақтардың маңыздылығы мен өзектілігін негізге ала отырып, барлық БАҚ өкілдерін ақпараттық көмек көрсетуге және аталған іс-шараға атсалысуға шақырамыз.
Өткізу күні және уақыты: 20.09.2018 ж. Басталуы сағ: 10.00
Өткізілетін орны: Алматы қ. Абай даңғылы, 39. «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві», 4-қабат, конференц-залы.
Аккредиттеу бойынша:+7 (727) 267 14 52, +7 707 599 90 55 нөмірлері бойынша немесе o.kulumbayev@kfdz.kz, akyn_90@mail.ru поштасына.
Аккредиттеу 19 қыркүйек, сағат 15:00-ге дейін.
Abai.kz