Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7369 19 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 10:04

Желтоқсаншы. "Қажыгелдинді елге қайтару керек"

“Ауруын жасырғанды өлім әшкере  етеді” деген  бар. Қазіргі Қазақстандағы  жағдай  Мемлекетімізге, оның ішінде  Мемлекет  құрушы, яғни осы  ел мен жердің тікелей иесі - қазақ  ұлтының  жойылып  кету жағдайында  тұрғаны анық.  Бүгінгі  елімізді  жұқпалы індеттей жайлаған тәртіпсіздік, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, ындыны мен араны ашылған тойымсыз шен-шекпенділер қазақтың  ұланғайыр жерінің астындағы бар байлығын түгел сатып, шетке асырып тауысты.  

Енді  жері мен оның  бетінде  түк  қалдырмай  сатуда. Ұлттық  құндылық атаулыны  құрдымға  кетіріп, қазақ   халқын  мұнша  жердің  иесі  болуға жарамсыз  ұлт етіп көрсетуді  мақсат  еткен  астыртын  жымысқы  ұйым жұмыс  істеуде. Мемлекет  басындағы  ағаларымыз елдің  ертеңін  емес, өздерінің құлқынын ғана ойлап  отыр. Мемлекетіміздің  қауіпсіздігін  жан-жағымыздағы  екі  үлкен  империяның  агентінің  қолына  ұстатып, құлдыққа апарар  жолға  түсіргенін, зар ғып  айтып  жатса да, құлақ қояр ешкім жоқ. Себебі, билік  қазақ  ұлтымен  санасуды қойды. Бұл ұлтты  керексіз санайтын болды.

Менің  ұсынысым - қазақ  ұлтының  барша  азаматтары бір ауыздан  қолдап, шет  елде  қуғында  жүрген  ғалым,  экономист,  бұрынғы  премьер-министир, демократиялық  еуропаның  бар  өркениетті  құндылығын  бойына  сіңірген, демократ,  шыншыл  азамат – Әкежан  Мағжанұлы Қажыгелдиннің елге келуін  талап  етіп, 5-10 жыл Қазақстандағы билік ісіне араластырсақ, ұлт  ретіндегі есемізді түгендер ме едік?

Сайлау Лепесов, желтоқсаншы

Abai.kz

 

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502