Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3406 0 пікір 24 Наурыз, 2011 сағат 04:58

Наурыз мейрамы Шыңғырлау ауданында да кеңінен тойланды

ОРАЛ. 24 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Наурыз мейрамы БҚО-ның Шыңғырлау ауданында да кеңінен тойланды.

Ауданда мерекелік шаралар 21 наурыз күні кешкісін басталды. Орталық саябаққа жиналған жастарды аудан басшысы Айболат Сейтақов құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Наурыз көріністері, әнмен, бимен көркемделген кеш отшашуға ұласты.

Осындай мейрам 22 наурыз күні де жалғасты. Орталық саябаққа киіз үйлер тігіліп, оған еңбек ардагерлері шақырылды. Мұнда жиналғандарды аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғұсман Дәулетов құттықтады. Жергілікті әншілермен бірге украин, орыс ұлттық-мәдени бірлестіктер өкілдері де өнер көрсетіп, Наурыздың жалпыхалықтық мейрамға айналғанын көрсетті.

Мереке спорттық шараларға ұласты.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1103
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733