"Президент екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, бірақ біз қазіргі кезде ондай жетістікке жете алмадық", – деп мойындады мемлекеттік хатшы.
Ол АҚШ пен Ресейдің кейбір мәселелер бойынша мүдделері сәйкес келгенімен, екі елдің құндылықтары мүлдем бөлек деп атап өтті.
Америкалық бас дипломаттың мәлімдемесі мемдепартамент санкциялық тізімге 33 ресейлік жеке және заңды тұлғаны енгізгеннен кейін, Қытайға Ресейден Су-35 ұшағы мен С-400 зенит-зымыран кешенін сатып алғаны үшін санкция енгізгеннен кейін шықты.
"Қара тізімге" енген ресейліктердің денінің арнайы қызметпен байланысы бар делінеді. Олардың ішінде барлау қызметінің офицерлері мен "Интернет-зерттеу агенттігінің" мүшелері бар. Сонымен бірге "Оборонлогистика" мен Комсомольск -на-Амуре қаласындағы ұшақ шығаратын зауыт басшылары да санкциялық тізімге кірген.
Abai.kz