Жұма, 22 Қараша 2024
Дін 3999 4 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 10:25

Министрлік дін мәселесінде діни бірлестіктерге үлкен үміт артады

Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерінде қоғамдық институттардың рөлі» тақырыбындағы республикалық конференция барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарында діни бірлестіктерге үлкен үміт артылатынын мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, экстремистік идеялардың таралуына сарапшы қауымдастықтың, ғылым және шығармашылық, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің интеллектуалды түрде қарсы тұруы маңызды. Гуманитарлық саладағы ғалымдардың, дінтанушылардың және ресми дін қызметкерлерінің күш-жігері арқасында экстремистер мен террористердің теріс идеологиясын анықтап, осындай идеяларды, діни ілімдерді  таратушылардың заңға қайшы әрекеттері айқын көрсетілуі тиіс.

«Біз аталған жұмыстарды жүзеге асыруда  елдегі ресми тіркелген діни бірлестіктерді, ең алдымен біздің қоғамымыздың рухани дамуының проблемаларын шешуде маңызды рөл атқарып келе жатқан дәстүрлі діни бірлестіктерді сенімді серіктестер ретінде санап, оларға үлкен үміт артамыз.  Біз ынтымақтастық аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен және Орыс Православ шіркеуімен меморандумға қол қойдық», - деді Берік Арын.

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жұмыстар үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен іске асырылуда.  Аймақтық консультациялық орталықтар желісі құрылды. Орталықтар дін мәселелері туралы кеңес береді. Олардың қызметкерлері деструктивті діни ағымдардың көшбасшылары және белсенділерімен жеке кездесулер өткізеді. Бұдан бөлек, құқық қорғау органдары мен әкімдіктердің қызметкерлеріне арналған дәрістер мен семинарлар ұйымдастырылады.

«Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі,  «Дінтанушылар конгресі» қоғамдық ұйымы,  «Дін мәселелерін зерттеу орталықтарының қауымдастығы» қоғамдық ұйымы, «Уақып» ҚҚҚ, «Ақниет ақпараттық-түсіндіру және бейімдеу орталығы» қоғамдық қорымен және т.б үкіметтік емес ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнаған. Тұтастай алғанда Министрлік аталған бағыт бойынша 29 үкіметтік емес ұйыммен бірлесіп жұмыс істейді.

Айта кетейік, конференцияға мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің өкілдері, ҚР Парламентінің өкілдері, дінтанушылар мен сарапшылар қатысып, тұрғындар арасында, соның ішінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын ортаға салды.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321