Жұма, 22 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4529 23 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 09:57

Қазақстан БҰҰ-да Қырым мен Донбасс мәселесін талқылауға қарсы

Астана БҰҰ Бас Ассамблеясында "Украинаның уақытша басып алынған аумақтарындағы жағдай" деген тақырыпты күн тәртібіне енгізуге қарсы болды.

Қазақстан аталған тақырыпты талдауға қарсы болған 13 елдің бірі болды. Қазақстанмен бірге Ресей, Беларусь, Армения, Бурунди, Иран, Сирия, Мьянма, Никарагуа, Судан, Куба, Филиппин және Венесуэла қарсы дауыс берген. Бірақ мәселе бәрібір күн тәртібіне енгізілген. Себебі мәселені талқылауды 68 мемлекет қолдады деп хабарлайды БҰҰ жанындағы Украина өкілі.

Осыған дейін Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин Киев Батыс елдерімен бірге Донбасстағы жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциюсын дайындады деп мәлімдеген. Министрдің сөзінше, құжат сепаратистер бақылайтын аумаққа бітімгерлік миссиясы мен әскери күшті кіргізуді қарастырады.

Киев Қырым мен Украина шығысындағы кейбір аумақтарды уақытша басып алынған деп атады. Қырымды Ресей 2014 жылдың көктемінде басып алған. Содан бері мыңдаған бейбіт тұрғын мен Украина сарбаздары қаза тапты. Киев Мәскеуді жарияланбаған соғыс жағдайын енгізді деп айыптайды. Кремль болса, мұның бәрін теріске шығарады.

БҰҰ Бас ассамблеясының 73-сессиясы Нью-Йоркте 18 қыркүйекте басталған.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320