Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
3958 0 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 10:26

Қырғызстанда СІМ мен Кореядағы елші арасындағы жанжал "дипломатия" аясынан шығып кетті

Сыртқы істір министрлігі Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Кылычбек Султанты қызметінен босату туралы ұсыныс жасауды қарастырады.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі елдің Оңтүстік Кореядағы елшісі Кылычбек Султанның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Атап айтқанда, СІМ Кылычбек Султан Қырғызстан мемлекет қызметкеріне тән ережелерді бұзды деп есептейді.

Соған байланысты министрлік ел басшылығына оны елшілік қызметтен алу мәселесін көтеруі мүмкін.

24 қыркүйекте Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Кылычбек Султан баспасөз конференциясын жинап, бірқатар жайттар туралы мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, ол Сеул әуежайында бұрынғы еңбек министрінің орынбасары Зууракан Каденоваға қатысты жанжал туралы баяндады. Бұған қоса, Қырғызстан елшілігі арқылы Малайзияға қымбат автокөлік өткізілгенін мәлімдеді. Ол бұған қатысты СІМ қызметкерлерінің есімдерін атады.

Елші баспасөз конференциясын өткізу арқылы бұл жайттары президентке жеткізгісі келген, өйткені оның президент әкімшілігіне өтініші қараусыз қалып келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 760
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2892
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1956