Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3076 0 пікір 15 Қыркүйек, 2018 сағат 23:04

Құқықтық кеңес қызметі осы уақытқа дейін 1 миллионға жуық кеңес берген

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасының алдында тұрған мүдде-мақсаттар өте көп. Солардың бірі — халқымыздың құқықтық сауаттылығын көтеру.

Құқықтық сана құқық қолданумен тікелей байланыста жəне арақатынастары өте тығыз. Құқық қолданатын мемлекеттік орган, лауазымды тұлға құқықтық сана деңгейін пайдалана отырып, өз құзыры шеңберінде арнайы нормативтік-құқықтық кесімдер, шешімдер, үкімдер, бұйрықтар шығарады. Бірақ құқықтық сананың негізгі идеялары  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін нормаларда бекітілген, жарияланған. Сонымен қатар құқық салаларында көрсетілген қағидалар құқықтық сананың негізгі талаптары болып саналады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 16-бабы: «Судья істе бар дəлелдемелерді олардың жиынтығымен əділ, жан-жақты жəне толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады». Бұл норма судьяны істі «жан-жақты», «толық» қарауға міндеттеп тұр жəне заң судьяға дəлелдемелерді «өзінің ішкі сенімі  бойынша»  бағалауға,  бұл күрделі жағдайда тек «заң мен ар-ұятты басшылыққа алуды» міндеттеп тұр. Құқық қолдану барысында да, яғни əділ шешім қабылдау үшін, судья заңға бағынып, ар-ұяттың негізінде шешім шығару тиістігі көрсетілген. Ал, əділеттілік əрқашан жоғары, кəсіби дəрежедегі құқықтық сананың қалыптасуын талап етеді

Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзіне де тікелей əсер етеді. Оның мұндай қасиеттері саналық əсер, келесі көріністерден байқалады.

Құқықтық сана құқық нормаларының орындалуын тікелей қамтамасыз етеді. Құқықтық сана неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым құқық бұзушылықтың динамикасы төмен.

Қоғамда азаматтардың құқықтары міндеттерімен тікелей байланысты. Құқықтар мен бостандықтарды бір-бірінен ешуақытта бөліп қарауға болмайды. Құқықтық сана əрқашан азаматтардың конституциялық міндеттерін бұлжытпай орындауды талап етеді. Мысалы, Қазакстан Республикасының əрбір азаматы Конституцияны сақтауға, салық төлеуге, отанды жəне табиғатты қорғауға міндетті. Сондықтан барлық жағынан алып қарағанда, құқықтық сана заңдылықты нығайтудың берік кепілі ретінде танылады.

Құқықтық сана құқық нормаларының мəнін, мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді. Құқық қолданатын субъект құқықтық сана мүмкіндігін пайдалана отырып, құқық нормасын мəнін ұғынады, содан кейін ғана оның, мазмұнын түсіндіру, қолдану құқына ие болады. Мысалы, тергеуші, судья нақтылы іс бойынша жасалған қылмысты дəлелдемелер арқылы анықтап, қылмыстық кодекстің нормасын қолданады. Бұл күрделі жəне асқан жауапкершілікті талап ететін əрекет болғандықтан, құқықтық сананың іс бойынша жиналған дəлелдемелерді бағалаудағы рөл өте зор.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аталған бағыттар бойынша және тұрғындар арасында құқықтық сананы жаңғырту бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді.

Соның бірі құқықтық ағартушылық жұмыстары мен кеңес беру мәселелеріне тоқталғанды жөн көрдік.

ҚР-ның барлық өңірлерінен және елді мекендерінен білікті заңгерлік кеңестер мен басқа анықтамалық сипаттағы  ақпараттарды алу Құқықтық ақпарат қызметінің (бұдан әрі - Қызмет) 119 немесе 8 (7172) 58-00-58 нөмірі бойынша қысқа нөмір тегін теру арқылы жүзеге асырылады екен. Оның негізгі мақсаттары мен міндеттері телефонға, сондай-ақ министрліктің сайтына келіп түсетін құқықтық мәселелер бойынша халыққа ақысыз кеңес беру болып табылады.
Енді министрліктің ресми мәліметіне көз жүгіртейік:
Қызмет өзінің құрылу сәтінен бастап халыққа 907 000 астам кеңестер берген. Есепті 2018 кезең аралығында Қызметпен 62 955 азаматтың сұрақтары бойынша кеңес берілді. 2018 жылдың  есепті кезеңінде 62 261 кеңес берілген. Осылайша, ұсынылған консультациялар саны шамалы өскендігі көрсетілді (1%).
2018 жылғы есепті кезең аралығында ақпараттық анықтамалық жүйелерді пайдалана отырып анықтамалық-кеңестік қызметтерді бағалаған азаматтардың жалпы саны 17 150 құрады, оның ішінде қанағаттанғандардың саны – 16 305.
Осылайша, ақпараттық анықтамалық жүйелерді пайдаланып, анықтамалық-кеңестік қызметтерді бағалап, оған қанағаттанған азаматтардың  үлесі 95,07% -ды құрады.
2016 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарында өткізілген хаттама жиналысының 2.2 тармағы 2) тармақшасымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Министрліктің Атқарушылық іс жүргізу жөніндегі Call-орталығының жұмысын қамтамасыз ету тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 775 бұйрығымен ҚАҚ-ның атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы Нұсқаулығы бекітілді.
Есепті кезеңде Қызметке атқарушылық құжаттарды ресімдеуге өтініштері бойынша және сот приставтарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған 668 өтініш келіп түсті.
Сонымен қатар, өтініштердің көпшілігі Астана қаласынан - 125 (18,7%), Алматы қаласынан - 104 (15,6%), Алматы облысынаң - 65 (9,7%) келіп түсті.
Алимент міндеттемелері саласындағы сот орындаушыларының іс-әрекеттеріне/әрекетсіздігіне, атқарушылық іс жүргізуді тоқтатқаннан кейін дебиторлардың тізілімінен алып тастауға және т.б. шағымдану (шағым) Құқықтық ақпарат жүйесінің жұмысы арқылы тіркелді және шешілді. Шағымдар осы Нұсқаулыққа сәйкес қабылданады және қаралады.
РҚАО ведомстволық сайтында «Сұрақтар - жауаптар» айдарында жұмыс атқарады, онда әрбір адамға қызығушылық тудыратын құқықтық тақырып бар. Есепті кезеңде осы айдар арқылы қабылданған азаматтардың 43 өтінішіне жауап берілді.
Есепті кезеңде Қызметпен, Әділет министрлігінің ведомстволық веб-сайтынының «Сұрақтар мен жауаптар» бөлек ғаламтор-алаңына азаматтардан жазбаша түскен 449 өтініштеріне заңнама нормаларын түсіндіре отырып, жауап берілген, оның ішінде 77 өтініш Әділет министрінің блог-алаңына келіп түскен. Сонымен қатар, құрылымдық бөлімшелерден 618 жауаптар берілді.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында WhatsАpp онлайн-хабаршысы іске қосылды.
Түсіндірме сипатына жауап беруді және/немесе байланыс ақпаратын беруді талап ететін «WhatsApp» онлайн-хабаршысы арқылы алынған сұрақтарға жауаптар ҚАҚ арқылы беріледі, ал қалған сұрақтар МҚМжІӘД-ға жіберіледі.
Есепті беру кезеніңде 4233 өтініш келіп түсті, оның ішінде 104 өтініш МҚМжІӘД-ға қарау үшін жіберілді.
Есепті беру кезеніңде Қызметпен «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жаршысы» журналының «Құқықтық ақпараттық қызметтер кеңес береді» арнайы айдарында «Ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер», «Еңбек қатынастары саласындағы кейбір мәселелер», «Қазақстанның шетелдік мекемелері көрсететін мемлекеттік қызметтер саласындағы мәселелер» бойынша мақалалар дайындалып, жарияланды.
Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529