Жұма, 22 Қараша 2024
Бірлік 5182 9 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 07:39

Ұлттық сана

Ұлттық Сананы қалыптастыратын, тәрбиелейтін СӨЗ ғана қадірлі, қасиетті болмақ. Қазіргі заманда қалғанының бәрі жәй сөз.

Тіліңнің қадірлі болуы жетілген, білімді ұлттық менталитетте тәрбиеленген санаға байланысты. Қазіргі кезде ұлттық бағыттағы тәрбие болмай, санамыздың сансырап, біразымыздың басқа дін секталарына кіріп кетуі, орыс тілді жастарымыздың көбінің орыстілді болуы қазақтың тұтастығын әлсіретті. Намысты, Арлы азамат болу осы Ұлттық сананың тәрбиесіне байланысты. Баяғы заманда Ерлеріміздің көп болғаны, сол қазақы санамыздың күшті болғанынан еді.

Ұлттық сананы жоғары деңгейде тәрбиелеу үшін, қалыптастыру үшін қазақ әдебиеті мен өнерін, бір сөзбен айқтанда мәдениетін мемлекеттік деңгейде қамқорлыққа алу қажет.

Сондай ақ. газеттер мен телеарналардың жобалары, хабарлары Ұлттық принцип пен көзқарасты ұстануы міндетті.

Қазіргі баспасөздер мен телеарналардың ұстанымы басқаша, яғни "толеранттық" деген ұстанымда. Баяғы "қазақстандық ұлт болайық" дегенге жақын. Кейбір басылымдар баяғы Кеңес кезіндегідей "интернационализм" идеясын насихаттауға бейім (Интернетте басқа ұлт өкілдеріне күйеуге шыққандарды басым насихаттау байқалады).

"Ел болайық" деген мемлекетке Ұлттық идеологияны қолданысқа енгізу қазіргі заманда өте қажет іс.

Жұмат Әнесұлы, журналист жазушы

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320