Динара Мыңжасарқызы. Башқұрт жастары тағы бас көтерді
Башқұрт жастары елдiң тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн жайттарға алаңдаушылық бiлдiрiп, алаңға шықты. Олар былтыр да Мәскеудiң орталықтандыру саясатына наразылықтарын ашық көрсетiп, башқұрт тiлiндегi бiлiм ошақтарының жабылып жатқандығына жұмыла дабыл қаққан болатын.
Башқұрт жастарының өз елiнiң, тiлiнiң, ұлтының нағыз патриоттары екендiгiне бiздiң де көзiмiз жеткен. Газетiмiздiң редакциясына ат басын бұрған бiр топ башқұрт жастары Кремльдiң озбыр саясатын сынап, жергiлiктi халықтың бүгiнгi хал-ахуалын паш еткен едi. Олар қаншама рет қысастық көрсе де, башқұрт ұлты үшiн кеудесiн оққа да төсейтiндiгiн жайып салғанда, iштей риза болыстық. Себебi Башқұртстан мемлекетiнiң бүгiнгiсiне бас ауыртып, ертеңiн ойлайтын да осы жастар.
Жақында башқұрт жастары, студенттер башқұрт тiлi мен мәдениетiнiң шектелiп жатқандығына наразылық ретiнде аштық акцияларын бастап, шеру өткiзетiндiктерiн жариялады. Башқұрт елiнiң тәуелсiздiгiн сақтап қалу үшiн жиналғандар қолдарына "Тiлi жоқтың - елi жоқ!" деген ұранды көтерiп шығыпты.

Башқұртстандағы саяси жағдайды уысында ұстап келген Ресей билiгi соңғы кезде орын алған төтенше жағдайлардың салдарынан бiршама уақыт алыстап кеткен-дi. Бұл кезде олардың iсi Домодедово әуежайындағы жарылысты жасаған қанiшерлердi iздеумен және орыс әсiреұлтшылдарының Кавказ бен Орта Азия мигранттарына қарсы шабуылды ұйымдастыруын таразыға салумен болды. Осындай ауыр оқиғалардан кейiн Ресей Федерациясы қол астындағы мемлекеттер мен ұлттардың тыныштығын сақтауға белдi бекем буып, бiрқатар шараларды пысықтай бастады. Ресей президентi Д.Медведев Уфада Қауiпсiздiк кеңесiнiң отырысын өткiзiп, ұлтаралық келiсiмдi күшейту мәселесiн ортаға салды. Бұл жиынға үкiметтiң рұқсатын алған азаматтық қоғам өкiлдерi ғана жiберiлiп, Башқұртстан жастар ұйымының белсендi мүшелерiне есiк жабық болды. Медведев қазiргi кезде Ресейде ауызбiршiлiктiң азайып кеткендiгiне екпiн түсiре келе, Ресейдегi әрбiр азаматтың орыс тiлiнде сөйлеуi маңызды екенiн, елдiң бiрлiгi үшiн бiрыңғай мәдениет болуы керектiгiн баса айтқан. Алайда осы кездесуден үш күн бұрын "қауiпсiздiк пен тыныштықты сақтаймыз" деген саясатын астыртын жүргiзуге пейiлдi алып империя өзiнiң қауiпсiздiк күштерi арқылы Башқұртстанда исламшыл экстремистер деген күдiкпен 4 адамды қамауға алған-ды. Осы әрекеттерiнен кейiн "Әрбiр азамат орыс тiлiнде сөйлеуi қажет" деген Медведевтiң сөзi де, өзi де башқұрт жастары үшiн әзiрейiлдей көрiнгенi рас.
Башқұрт Жастар одағының белсендiлерi наурыздың 3-iнен бастап наразылық акциясын бастады. Олар башқұрт ұлтшылдарына қарсы полицияның қысымын тоқтатуды, өз ұйымдарының белсендiлерiн қамаудан босатуды талап етiп отыр. Башқұрт Жастар одағының бұрынғы жетекшiсi Артур Иделбаев пен ұйым белсендiсi Айрат Дилмұхаммедов алаяқтық және экстремизм айыптары бойынша тұтқындалған. Бiр аптаның iшiнде аштық акциясына 150 адам қосылып, наразылық шарасын бiрге жалғастырды. Тек Башқұртстан президентi Рустам Хамитовтың тiкелей араласуынан кейiн, шараны ұйымдастырушылар наурыздың 13-iнде аштықты уақытша тоқтатқан едi. Бiрақ жастар ұйымы наурыздың 23-iнде талаптары әлi орындалмағанын жариялап әрi өздерiне қолдаушылар жинау мақсатында шерулер өткiзумен қатар, сәуiр айында аштық акциясын қайта бастайтын жоспарлары бар екендiгiн мәлiмдедi.
Башқұртстан Жастар одағының қазiргi жетекшiсi Флорид Багаев: "Уфада, наурыздың 25-iнде өткен алғашқы шеруде үкiметтен және қауiпсiздiк қызметтерiнен этникалық топтар мен мұсылман жетекшiлерiн өз жайына қоюды талап еттiк. Оларға қарсы қудалаулардың тоқтатылуын сұрадық", - дейдi. Оның айтуынша, қауiпсiздiк күштерi башқұрт мектептерi мен газеттерiне барып, оларды "экстремистiк веб-сайттарға кiрiп отыр" деп қара күйе жағып, айыптаған. Бұл - онсыз да башқұрт тiлiнде бiлiм беретiн мекемелердiң жұмысына шектеу қойып, башқұрт тiлiнде хабар тарататын ақпарат құралдарын тұншықтырудың бiр жолы iспеттес. Бүгiнгi башқұрт жастары 1993 жылдан берi Башқұртстан президентi қызметiн атқарған Мұртаза Рахимовтың былтыр шiлдеде кенеттен орнынан алынуындағы басты себептi осыдан көредi. Өйткенi Рахимов билiгi тұсында башқұрт ұлтжандылары мемлекет тарапынан қолдауға ие болғандығын ешкiм ұмыта қойған жоқ.
Ресейдiң оппозициялық саясаткерi Владимир Рыжков: "Ең басты идеология - Путиннiң империя құрып жатқандығы. Бұл елдi құртады. Татарстан, Башқұртстан және Якутия - империяның провинциялары сияқты" деген пайымын ұсынды. Шынында да, Ресейдегi үкiметтер мен республика басшылары Кремль билiгiнiң айтқанына иланып, айдағанына көнiп жүр. Тiптi Башқұртстанның жаңа президентi Рустам Хамитовтiң де аштық жариялап жатқан студенттер талабын орындай алмауы, жастарға қолұшын беруге әрекет етпеуi, оның әлсiздiгiн анық көрсеттi дейдi сарапшылар.
Соңғы жылдары Мәскеудiң Ресейдi бiртұтас мемлекетке айналдыру саясатына күш салып жатқаны белгiлi. Тiптi Ресей Ғылым академиясынының заңгер-маманы Мехти Шарифовтiң осы мәселеге қатысты жасаған сараптамасында "аймақтағы билiктерде ешқандай құрылымдық мүмкiндiктер болмайды және жергiлiктi азаматтық топтар шешiм қабылдау шараларына қатыса алмайды" делiнген. Себебi 2004 жылы Путин федерация басшыларын сайлауды алып тастап, аймақ жетекшiлерiн Кремль тағайындайтын жүйе енгiзген болатын. Нәтижесiнде аймақ басшыларын, салық, прокуратура, полиция, түрме, бәрi-бәрiн Мәскеу қатаң қадағалауында ұстамақшы. Мұндай кезде жергiлiктi құрылымдар мен ұлттардың өз пiкiрiн емiн-еркiн жеткiзуi де қиынға түсетiнi сөзсiз.
Соған қарамастан, башқұрт ұлтының жастары тiлi, дiнi, ұлты үшiн аштық акциясын жалғастыра түсетiндiгiн ашық айтты. Бiрақ оларды қорғап қалуы тиiс мемлекет басшылары мен қоғамдық ұйымдар бас көтере ме, жоқ па, ол жағы күмәндi.
«Түркістан» газеті