Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2903 0 пікір 4 Сәуір, 2011 сағат 03:23

АҚШ-та бір ғана тұрғыны бар деревня бар екен

АСТАНА.  4 сәуір. ҚазАқпарат  -  АҚШ-тағы Монови  деген    деревняның   басшысы 77 жастағы Элси  Эйлер ханым  сол  ауылдың  ең бақуатты  және   ...ең кедей  тұрғыны  болып  табылады екен.

Небраска  штатында жүргізілген халық санағы осыны  көрсетіп  отыр,  деп   хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Оған қоса,  Элси деревнядағы ең білімді,  ең   құрметті және жалғызбасты    кейуана  болып табылады.   Қалай дейсіздер ғой?!    Эйлер  ханым   -  Монови  деревнясының    жалғыз  ғана тұрғыны екен, сондықтан  да ол  кез-келген статистикалық  анықтамаға    енгізіле берген.  Санақтың  қорытындысы бойынша,    Монови АҚШ-тағы   бір ғана тұрғыны бар  жалғыз   деревня екен.

2000  жылы жүргізілген    халық санағының  дерегі  бойынша,  Моновиде  екі адам  ғана тіркелген  екен, бірақ осыдан  6 жыл  бұрын   Элси ханымның отағасы  дүниеден озған.    Содан  бері  кейуана  деревняда  жалғыз тұрып  келеді.  «Өкінішке  орай,   біздегі  демографиялық   жағдай  өте мүшкіл.   Соңғы санақтан  бері   деревня  тұрғындарының саны екі есеге   қысқарды»,  дейді  кейуана әзілдеп.  «Ал  шынына келсек, мен  өзім саналы  түрде   осында қалдым. Бұл   жер  менің  үйім, менің отаным»,  - дейді     ол.

Элси  ханымның Моновиде  өз бизнесі -  отағасы екеуі осыдан   40 жыл бұрын  сатып алған   тавернасы бар.    Сол  тавернаға келетін  тұрақты   және  кездейсоқ  қонақтарға   қызмет  көрсетеді.     Кейуана Моновидің     өңір картасынан    алып тасталынғанын қаламайды, сондықтан да    барлық   қажетті құжаттарды  өзіне ресімдеп  қойған.  Яғни,  жергілікті әкімшіліктің хатшысы да,   есепшісі де,   деревня басшысы да, тіпті жергілікті кеңестің жетекшісі де   -  Элси Эйлер.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367