Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4095 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 14:53

Әдебиеттанушы-ғалым Мұратбек Бөжеевке 100 жыл

2011 жылы 7 сәуірде М.О.Әуезовтің мұражай-үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымының докторы Мұратбек Бөжеевтің туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтеді. Мұратбек Бөжеев ХVІІІ, ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.

Сейіт Асқарұлы Қасқабасов, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры:

«Мұратбек Бөжеев бүкіл ғылыми қызметінде қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын текстологиялық зерттеу ісімен айналысты. Ол 1917 жылға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын жетік білген үлкен маман болды. Ғалым араб әрпімен жазылған қолжазбаларды қазіргі әріпке түсіруде үлкен жұмыстар жүргізіп, бұған дейін айтылмай келген ақындар есімін ашты, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларын баспаға жеке жинақ етіп дайындады. Ол өзінің іргелі ғылыми зерттеулерімен қазақ әдебиеттану ғылымын байытты».

Серікказы Қорабай, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі :

«Мұратбек Бөжеев Абай шығармашылығын зерттеушілердің бірі болды, ол өз ұстазы Мұхтар Әуезовпен бірге Абайдың 1940 жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағын дайындауға қатысты. Ол өз еңбектерінде Абай туындыларының идеялық-көркемдік ерекшеліктерін, ұлы ақынның өлең құрылысы ерекшеліктерін зерттеді, Абайдың ақындық айналасы туралы іргелі ғылыми еңбек жазды».

Институт директоры, академик С.А.Қасқабасов кешті кіріспе сөзбен ашып, институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі С.С.Қорабай М.Бөжеевтің өмірі мен ғылыми қызметі туралы баяндама жасайды. М.Бөжеевтің замандастары, бірге істеген әріптестері, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері: мәтінтану және деректану бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д., проф. Б.У.Әзібаева, бас ғылыми қызметкер, филол.ғ.д. С.Дәуітов, аға ғылыми қызметкерлер, филол.ғ.кандидаттары Т.Әкімов, Р.Қ.Қайшыбаева, белгілі мәдениеттанушы-ғалым М.М.Әуезов, жазушы Т.Тілеуханов, биолог-ғалым Б.Шайкенов естеліктер айтып, әдебиеттанушы-ғалымдар, жазушылар, ғалымның жерлестері мен туыстары кешке қатысады.

Қосымша ақпарат: М.Бөжеев туралы фильмнің таныстырылымы, М.Бөжеевтің өмірі мен қызметі туралы ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасы ұйымдастырған көрме, фуршет болады.

Зиялы отбасында тәрбиеленген М.Бөжеев Семейдегі Қазақ педагогикалық техникумын (1925), Москва педагогикалық институтын бітірген (1932). 1934-1938 жж. Москва тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқиды. 1934-1941 жж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты мен Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, сонымен бірге КСРО ҒА Қазақ филиалының бас ғылыми қызметкері болып істейді. 1942 жылы жазықсыз айыпталып, ұзақ жылдар сталиндік лагерде қамауда болады. 1956 ж. толық ақталып, қайтадан ғылыми жұмыспен айналысады. 1957-1962 жж. Қазақ КСР-і ҒА Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері болып еңбек етеді. 1962 ж. М.Әуезовтің әдеби-мемориалдық музейін ұйымдастырушылардың бірі болып, аға ғылыми қызметкер ретінде М.Әуезовтің 12 томдық шығармалар жинағын дайындап, ғылыми түсініктерін жазуға қатысады, ұлы жазушы-ғалымның библиографиялық көрсеткішін құрастырады. 1974-1980 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазбалар бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып еңбек етеді. 1960 ж. «Абай Құнанбаев шығармаларының идеялық-көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта қандидаттық, 1973 ж. «ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті дамуының идеялық-көркемдік ерекшеліктері» деген тақырыпта докторлық диссертациялар қорғайды. Студент кезінен бастап Абайдың ақындық мектебі, ақындық стилі, оның Пушкин өлеңдерін қазақ тіліне аудару шеберлігі туралы зерттеп, Абай шығармаларының орыс тіліне аударылу ерекшеліктері туралы ғылыми материалдар жазады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармалар жинағын баспаға дайындап, ақын қолжазбаларының ғылыми сипаттамасын жасайды, Бұқар жырау, Мұрат, Шортанбай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, М.Қалтаев, Н.Наушабаев туралы іргелі зерттеулер жазып қалдырады. 1940 ж. М.Әуезовпен бірге Абайдың екі томдық шығармалар жинағын дайындауға қатысады. «Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбек ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Мекен-жайы: М.Төлебаев көшесі, 185, М.О.Әуезовтің мұражай-үйі.

Мерзімі: 7 сәуір. Сағ. 15.00

Байланыс жасаушы тұлға: Қуанышбек Кенжалин - 8(727) 2-72-79-83

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385