"Беш бармақ" демеңіздер!
Ет асу дейді қазақта!
Әдеби, тарихи кітаптардан, "беш бармақ" деген сөзді кедестірген емеспін. Бала күнімізде үлкендер; қонақ келді, қазан көтерілді, ет асылды, ас берілді, сыбаға тартылды т.б. деп жататын. Менің ойымша "беш бармақ" бұл сырттан келген "кірме" сөз. Айтыскер ақын Балғынбек Имаштың "Атаңның басы беш бармақ, Ет асу дейді қазақта..." -деген өлең жолдары бар.
Еліміздің басқа өңірлеріндегі өз ерекшеліктеріне қарай айтылатын, Қазақша атаулардың барлығымен келісемін. Тек, "беш бармақ" емес. Осы бір құлаққа түрпідей тиетін сөздің кеңінен тарағаны сондай "беч хачу, беч хачу" -деп шулап жүрген жастарды талай көрдім. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құметтісі саналатын ет асудың қайдағы бір "беш бармақ" сөзіне таңылып кетуі қынжылтады да. Ұлтқа, асқа жаны ашитын азаматтар болса осы жазбаны кеңінен таратып жіберсе деймін. Көшіріп басуға да келісемін!)
"Беш бармақ" демеңіздер! "Ет асу, Қазақтың ең құрметті асы", Құрметтілерім!
Айдар Темірбекұлы әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz