Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Дат 5261 29 пікір 17 Қазан, 2018 сағат 14:51

Д. Назарбаеваға екі сұрақ

 

Дариға Назарбаева Алматы жастарымен кездесу барысында оларға қытай тілін үйренуге кеңес берді. Бұл туралы БАҚ-тағы дереккөздерге сүйеніп «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды деп жазады http://rgmedia.kz сайты. 

Осыған орай Дариға ханымға белгілі журналист Сәкен Сыбанбай екі сұрақ қойды. Назар аударыңыз:

Д.НАЗАРБАЕВА: "Қытай тілін үйреніңдер... болашақ қытай тілінде деп санаймын. Қытай нарығының әлеуеті шексіз. Халық саны көп. Ол жақта не шығарсаңыздар да, миллиардер боласыздар... Қытай миллиардтап инвестиция құюда. Қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылады, табыс табады, отандық нарық жаңа тауарлармен молаяды..."
1-СҰРАҚ: "Ол жақта не шығарсаңыздар да, миллиардер боласыздар" дегеніне қарағанда, Қазақстан өз халқына қажетті тауарлардың бәрін өзі шығарып болып (?!), артылып қалып, енді көрші ел нарығына енбек пе?
2-СҰРАҚ: Қытай Қазақстанда зауыттар ашса, оларға жалданатын қазақтар қытайша білуге міндетті ме? Инвестор қай елге өз тілін тықпалаушы еді?

Редакциядан: Алматы жастарымен кездесу барысында "қытай тілін үйреніңдер, мен соны талап етемін" деген Дариға Назарбаева орыс тілін ұмытпау керектігін ескертіпті.

Abai.kz

 

29 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2074
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4945
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4151