Сенбі, 23 Қараша 2024
Әттең... 5161 23 пікір 22 Қазан, 2018 сағат 10:03

АҚШ ұстаздарына қарағанда біздің мұғалімдердің жағдайы тәуір ме?

Елбасы қазан айының басында жарық көрген Қазақстан халқына жолдауында келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау керектігін айтқан болатын. Моральді жоғары бағалайтын әлемнің көптеген мемлекеттерінде мұғалімге кұрмет этикеті жолға қойылған.

Ұстаздар ұлықталатын мемлекеттердің көшін Қытай бастап тұр. Мұғалімдердің әлеуетіне қатысты Ұлыбританияның Сассекс университеті жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей кәсіби мәртебе, сенімділік, жалақы және халқының мұғалім болуға ұмтылуы жағынан Қытай АҚШ сияқты талай алпауыт мемлекеттерді шаң қаптырады екен. Техникасы мен инновациясы жөнінен алдыңғы қатарлы елдермен иық тірестіре алатын Жапонияда да ұстаздық ардақты мамандық.

Иә, «жақсы заңың болғанша, жақсы әдет-ғұрпың болсын» деген Пифагордың сөзінде жан бар. Тіпті, ағылшын тілін үйрету үшін бұл елге АҚШ-тан арнайы келіп, тұрақтап қалушылардың қарасы көп. Оның да себебі жоқ емес. Бәсекеге қабілетті мемлекеттердің көш басында тұрған АҚШ-та «мектептің жүрегі» (Ы.Алтынсарин) мұғалімнің  хәл-ахуалы көңіл көншітпейді. Америка мұғалімдері федерациясы (AFТ) жүргізген сауалнама нәтижесінде АҚШ-тағы мұғалімдердің 17%-ы оқушының мінез-құлқына байланысты сабақтан тыс аптасына төрт сағат немесе одан да көп уақытты солармен бірге уақыт өткізуге мәжбүр екенін тілге тиек еткен. Сондай-ақ Нью-Йорк қаласында жарық көретін «TIME» журналы жақында ғана Америкадағы бірнеше мұғалімнің күнделікті атқаратын ісі мен өмір сүру формасын жазғанда жағамызды ұстадық. Мәселен, бір мұғалім 16 жылдық еңбек өтілі әрі магистрлік атағы бар бола тұра қызметтік жалақысы шығынын өтеуге жетпейтінін, тіпті, күнкөріс үшін қан тапсыратынын айтқан. Мектептің есігін күнмен таласып таңғы 5-те ашып, ел тәтті ұйқыға жатып қалатын  түнгі 4-тер шамасында бір-ақ жабатынын жазғандар да кездеседі. Бір айлығы шайлығына жетпегендіктен екі-үш жерде маңдай терін сатып іс қылатын мұғалімдер де баршылық көрінеді.  20 жылдық еңбек өтілі бар ұстаз ауырған басын дәрігерге қаратуға не балаларын оқытуға мүмкіндігі жоғын алға тартқан.

2018 жылы Ақ үйдің бюджетке қатысты ұсыныстарымен танысқан мұғалімдер бұл мәселенің жақын арада шешілуі екі талай екенін айтып қамыққан болатын. Америка мұғалімдері федерациясының (AFТ) президенті Рэнди Вайнгартен Дональд Трамптың сайлауда жеңіске жетуіне көмектескен білім саласына инвестиция тарту туралы жоспарының құрғақ уәде болып қалғанын айтады. Технологиясы мен экономикасы жөнінен алдына қара салмайтын мемлекетте балаға негізгі білім беруші мұғалімнің сиқы осындай. Қиын-қыстау тірліктің ортасында жүріп оқушыға қаншалықты көңіл бөліп жатыр деген сауал да санамызда кесе көлденең тұра қалды.

«Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай білім ордасының тамырына қан жүгіртетін жандардың мекеме мойнына артып қойған қыруар жұмыспен қатар, өмір сүру үшін мұрнынан сүрлігіп өзге тірліктердің де басын қайырып жүргенін елестетіп көріңіз. Біздің ұстаздар - жуас. Егер АҚШ ұстаздары сияқты шындықты айтар болса, әлем түсінен шошып оянар еді. Мұғалімдердің мәртебесі туралы заң біздің ұстаздардың бар жағдайын шешіп бере ала ма? Ендігі сауал осы болса керек.

Шынәділ Салтанат

Abai.kz

 

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5500